Аймақтар • 18 Наурыз, 2020

Алматыда көшелер мен тротуарлар залалсыздандырылып жатыр

171 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласының Жасыл экономика басқармасы басшысының орынбасары Диас АХМЕТҚАЛИЕВ Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында карантин жағдайындағы жұмыстар туралы баяндады.

Алматыда көшелер мен тротуарлар залалсыздандырылып жатыр

Бүгінде Алматыдағы төтенше жағдайлар режиміне байланысты қалалық коммуналдық қызметтерінде тәуліктік кезекшілік ұйымдастырылды. Барлық көшелер мен тротуарларды және жаяу жүргіншілер жолдарын жуу жұмыстары жүргізілуде. Бұл – жалпы көлемі 29 млн. шаршы метрді алатын (230 жол және 50-ден астам тротуарлады тазалайтын машиналар) ауқымды жұмыс.

Қаладағы қоқыс жәшіктеріне, саябақтар мен скверлердегі балаларға арналған ойын, спорт алаңдарына және басқа да тұрғындар көп шоғырланған орындарға дезинфекциялау жұмыстары жүргізіліп отыр.

тазалық

Қоқыс шығаратын ұйымдар күнделікті кестеге сәйкес қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаруда. Қаладағы контейнерлік алаңдар мен контейнерлерді дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде. Қалдықтарды шығарғаннан кейін барлық арнайы техникалар (268 бірлік қоқыс таситын көлік) дезинфекциялаудан өткізіледі.

Қала билігі тұрғындардың  өз қауіпсіздіктері үшін барлық пайдаланылған медициналық қалдықтарды әрі қарай заласыздандыру мақсатында бөлек пакеттерге жинап шығаруларын сұрайды.

 

АЛМАТЫ