Алматы тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының белең алып кетпес үшін төмендегідей жұмыстар атқарылуда:
- Коммуналдық кәсіпорындарда брифинг, дабыл және штабтық жаттығулар жүргізілді.
- Барлық ауданда жылу, электр, су және газ құбырлары жүйелерінде қандайда бір төтенше оқиғалар орын алған жағдайда олардың үздіксіз жұмыс істеп тұруы үшін күні-түні кезекте тұратын төтенше бригадалар құрылып, арнайы техникалар және жұмысшы мамандар жасақталды.
- Кәсіпорынарда төтенше жағдайларда қалада жарық көзінің өшпеуін қадағалап отыратын басшылар арасынан жауапты тұлғалар тағайындалды.
- Барлық коммуналдық кәсіпорындар штаттық режимде жұмыс істейді.
- Коммуналдық кәсіпорындарда тұрғындарды жеке қабылдау тоқтатылды.
- Жұмыс орындарын санитарлық тазалау ұйымдастырылды.
- Жұмыскерлер медициналық бетперде, қолғап, антисептик және басқа да қорғаныс құралдарымен жабдықталды.
«Алматы жылу жүйесі» ЖШС:
– төтенше оқиғалар орын алар болса, қалада үздіксіз жылу беруді қаматамасыз ететін 12 төтенше бригада, 40 арнайы техника, 126 жұмыскер ұйымдастырылған.
«Алатау жарық компаниясы» АҚ:
– төтенше оқиғалар орын алар болса, қалада үздіксіз жарық беруді қаматамасыз ететін 17 төтенше бригада, 17 арнайы теника, 68 жұмыскер және 3 дизель-генератор ұйымдастырылған.
ГКП «Алматы Су»:
– төтенше оқиғалар орын алар болса, қалада суқұбырлары және сушығару жұмыстары үздіксіз атқарылуы үшін 58 төтенше бригада, 328 арнайы техника, 1038 жұмысрер және 10 су таситын машина ұйымдастырылған.
«КазТрансГаз-Аймақ» АҚ:
– 6 арнайы техникасы және 34 жұмысшысы дайын тұр.
«Алматы қала жарық» МҚК:
– 8 төтенше бригадасы, 20 арнайы техникасы және 80 жұмыскер ұйымдастырылған.
«АлматыЖылуЭнерго» ЖШС:
– 30 бірлік арнайы техникасы, 180 жұмысшысы дайын тұр.
«Алматы электр стансалары» АҚ:
– ТЭЦ-1, 2, ЗТК және Каскад ГЭС төтенше жағдайлар кезінде үздіксіз жұмыс істеп тұруы үшін 5 төтенше бригада, 20 бірлік арнайы техника, 76 жұмыскер күші ұйымдастырылған.
АЛМАТЫ