Түске дейін Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп Алматыда жұқпалы дертті жұқтырған екі адамның анықталғанын айтты. «Оның бірі – 1998 жылы туған қыз бала. Студент. Ыстанбұл – Алматы рейсімен 15 наурызда ұшып келген. Екіншісі – 1974 жылғы әйел адам. 10 наурыз күні Мәскеуден Алматыға ұшып келген. Екеуі де қазір стационарда. Жағдайлары жақсы», деді ол.
Түстен кейін министрліктің ресми сайты Алматыда тағы бір науқастың анықталғанын хабарлады. Яғни індетке шалдыққандар саны Алматыда – 18 адам, Нұр-Сұлтан қаласында да 18 адам.