Фото авторы: Максим Золотухин
Әлемде ең қымбат қалалар тізімінде Гонконг пен Сингапур тұр. Бұл тізімді биылғы жылы Жапонияның Оска қаласы толықтырды. Нью-Йорк доллар бағамының түсуіне байланысты 4-ші орынға түсіп қалған, 5-ші орында Париж. Ал Швейцарияның ең қымбат саналатын Цюрих қаласы да осы қатарда. Бұл ондыққа 10-нан 7-ші орынға көтерілген Израильдің Тель-Авив қаласы кіреді. Қалада көлік және автомобильді иелену құны көтеріліп кеткен. Рейтингте ұлттық валютасының құлдырағанына қарамастан бағалар шарықтап кеткен Мәскеу, Санкт-Петербор мен Киев 86-орында. Мамандардың бағамдауынша, Мәскеу қаласындағы бағаның өсуі ҚҚС-ке әсер етіп отыр.
Зерттеушілер мәліметі бойынша арзан қалалар тізімінде Алматы мен Ташкент көрсетіліпті: 132-ші орында. Аталған қалаларда өмір сүру Буэнос-Айрес, Пәкістанның Карачи, Венесуэланың Каракас және Үндістанның Бангалорына қарағанда арзан. Бұл қалаларда азық-түлік бағасымен қатар киім-кешек, шаштараздардың да қызметі қолжетімді көрінеді. Ал бірқатар зерттеушілер рейтингті анықтау барысында барлық экономикалық көрсеткіштер негізге алынуы қажеттігін айтады.
АЛМАТЫ