Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми Ақмола облысында таяуда сайланған ауылдық округтер әкімдерімен жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың келешегін талқылады.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми Ақмола облысында таяуда сайланған ауылдық округтер әкімдерімен жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың келешегін талқылады.
Сенат Төрағасы жергілікті билік басшыларын маңызды қоғамдық-саяси оқиғамен құттықтады және ауыл әкімдері сайлауының нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Үндеуінде алға қойылған міндеттерге жан-жақты тоқталды.
«Еліміздің саяси жүйесін жаңғырту, жергілікті жерлердегі басқару жүйесін реформалау, жергілікті өзін-өзі басқаруға белсенді қатысуды ұлғайту жолында маңызды қадам жасалды, деп атап өтті Қ.Мәми. Жергілікті өзін-өзі басқаруды одан әрі дамыту жергілікті халықтың әлеуметтік белсенділігін арттырып, азаматтардың жаңа бастамаларына серпін беретін болады».
Өткен сессияда Парламент Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген екі заңды қабылдады. Соған сәйкес, ауыл әкімдеріне қосымша өкілеттіктер беріліп, төменгі деңгейдегі әкімдердің қаржылық және экономикалық дербестігі кеңейтілді, жергілікті органдар басшыларына өздерінің кіріс көздерін қалыптастыру құқықтары берілді. Одан басқа, тұрғындардың жиналыстары жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге бөлінген бюджет қаржысын пайдалануға мониторинг жүргізу өкілдігіне ие болды.
Бақберген Амалбек,
«Егемен Қазақстан».