Қоғам • 19 Наурыз, 2020

Карантин: Елордаға азық-түлік өнімдері жасыл дәліз арқылы тасымалданады

184 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Карантин кезінде елорда аумағында қала тұрғындарына қажетті тауарларды тасымалдайтын жасыл дәліз жұмыс істейді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен мәлімдеді.

Карантин: Елордаға азық-түлік өнімдері жасыл дәліз арқылы тасымалданады

«Елордаға кіруге және қаладан шығуға тұрғындардың әзірше уақыты бар. Алдағы 72 сағат авиа және теміржол қатынастары арқылы қаладан кетуге немесе келуге мүмкіндік беріліп отыр. 22 наурыздан бастап барлық санаттағы тұрғындардың қала аумағына кіруге және шығуға толық шектеу қойылады. Осыған үлкен назар аударылғанын сұраймын. Кез келген қатынастардың транзиттік тасымалдары Нұр-Сұлтан қаласы аумағында тоқтамай жүргізіледі. Яғни жолаушылар пойыздары қала арқылы өтеді. Бірақ олар тоқтамайды», деді Баяқтияр Мәкен. 

Оның айтуынша, 22 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан қаласында жолаушылар поезды, авиа тағы да басқа көліктерге шектеу қойылады.

«Қала аумағына кіретін немесе азық-түлік тасымалдайтын көліктер арнайы жасыл дәлізбен ғана өтеді. Жасыл дәліз қала тұрғындарына қажетті азық-түлік пен тауарларды тасымалдау үшін ғана жұмыс істейді», деді ол.