Президент • 19 Наурыз, 2020

Қасым-Жомарт Тоқаев Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті

95 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті. Мемлекеттер басшылары коронавирустың таралуына қарсы күресте өзара іс-қимыл мәселесін талқылады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті

Президенттердің пікірінше, эпидемиямен күрес кезінде екі елдің атқарушы органдарының келісе отырып әрекет етуі маңызды.

Сонымен қатар тараптар Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың даму перспективасы жайында пікір алмасты.

Сооронбай Жээнбеков Қасым-Жомарт Тоқаевты Президент қызметіне кіріскеніне бір жыл толуымен құттықтап, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа игі тілегін жолдады.