Жауапты маманның сөзінше, тазалық жұмысы күніне екі рет таңертең және кешкі уақыттарда жүргізіледі. Дезинфекцияға арналған қоспалардың адам денсаулығына ешқандай зияны жоқ. Сондай-ақ, басқарма басшысының орынбасары шаһардағы барлық үй аулалары, балалар мен спорттық алаңқайлар, саябақтар, скверлер және қоқыс жәшіктерін де дезинфекциялау жұмыстары күшейтілгенін атап өтті.
«Қоқыс шығаратын ұйымдар күнделікті кестеге сәйкес қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаруда. Қаладағы контейнерлік алаң мен контейнерлерге дезинфекция жұмыстары күшейтілген түрде жүргізіліп жатыр. Құрметті қала тұрғындары! Сіздердің қауіпсіздіктеріңіз үшін барлық пайдаланған медициналық қалдықтарды әрі қарай заласыздандыру мақсатында бөлек пакеттерге жинап, шығаруларыңызды сұраймыз», – деді Диас Ахметқалиев.