Осыған байланысты 8 маусымға дейін өтуі керек болған Мадрид пен Римдегі ерлер мен әйелдер арасындағы халықаралық турнир, WTA санатындағы Страсбург (Франция) және Рабат (Марокко), сонымен қатар ATP жарысы аясындағы Мюнхен (Германия), Эшторил (Португалия), Женева (Швейцария) мен Лиондағы (Франция) теннис турнирі кестеге сай өтпейтін болды. Сондай-ақ ұйымның хабарлауынша, осы уақыт аралығында ерлер мен әйелдер арасындағы әлемдік рейтингте еш өзгеріс болмайды.
Сонымен қатар Халықаралық теннис федерациясы да (ITF) ресми сайтында 8 маусымға дейін турнир өткізбейтіні туралы шешім қабылдағанын жариялады.
Еске сала кетейік, бұған дейін коронавирусқа байланысты ATP және WTA алты аптаға дейін турнир өткізбейтіндіктерін айтқан болатын. Сондай-ақ кеше «Үлкен Дулыға» санатындағы Франция ашық чемпионаты 2020 жылдың күз мезгіліне ауыстырылды.