Әлем • 19 Наурыз, 2020

Отанына қашқандар Қытайға коронавирусты қайта әкеліп жатыр

4400 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өкінішке қарай, шетелден отанына қашқан қытайлар Қытайға коронавирусты қайта әкеліп жатыр.

Отанына қашқандар Қытайға коронавирусты қайта әкеліп жатыр

Мәселен,18 наурызда түнгі 24:00-ге дейін Бейжіңге басқа елдерден ұшып келген 21 адамнан вирус табылған. Пандемия жайлап бара жатқан Еуропаға қарағанда, Қытайды қауіпсіз деп есептеген адамдар өз мемлекетін осындай жағдайға қайта душар етіп отыр.

Осы ақпараттардың анық-қанығын біліп беруді сұрағанымызда, Қытай Халық Республикасының Алматыдағы Бас консулдығы төмендегідей мәліметтермен бөлісті.

Консулдық қызметкерлері берген ақпараттарға сүйенсек, кеше 17 наурызда бар болғаны 13 адамда вирус бар екендігі анықталған-ды. Оның ішінде 1 науқас Ухань қаласында болса, қалған 12 адам Бейжің, Гуандун, Шанхай, Сычуаньға басқа мемлекеттерден ұшын келген Қытай азаматтары.

Қытайдағы бүгінгі, яғни 19 наурыздағы нақты жағдай түнгі 24:00 кезінде жария болады.

Ал, кеше 18 наурызда Қытайда жаңадан вирус жұқтырғандар саны 34 адам болды. Бейжіңде бір күнде басқа мемлекеттерден Қытайға оралған 21 адамнан, Гуандунде 9, Шанхайда 2, Хэйлунцзянда 1,  Чжэцзянда 1 адамнан коронавирус табылды.

Соңғы күндерге дейін бұл мемлекетте жаңадан ауру жұқтырғандар саны 13-20 ғана болып келген еді.

 

АЛМАТЫ