Қоғам • 18 Наурыз, 2020

Төтенше жағдай: ForteBank несие төлеуде жеңілдіктер ұсынады

151 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

ForteBank қиын жағдайдағы клиенттеріне қолдау көрсету мақсатында және Үкімет пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің шараларын ескере отырып, жеке тұлғаларға клиенттердің өтініштері негізінде несиелік міндеттемелерді 90 күнге дейін кешіктіруге болатынын хабарлайды.

Төтенше жағдай: ForteBank несие төлеуде жеңілдіктер ұсынады
  1. Банк төтенше жағдайлар кезінде жеке тұлғаларға несиесін уақтылы өтемегені үшін айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептемейді.

Жеке тұлғаларға кепілсіз несие беру үшін 90 күннен астам мерзімге сыйақы есептеу тоқтатылады.

Ал жеке кәсіпкерлер мен ШОБ субъектілеріне банк жекелеген негізде несие бойынша міндеттемелерді 90 күнтізбелік күнге дейін кейінге қалдыруды ұсынады.

Кейінге қалдыру мүмкіндігі Қазақстандағы төтенше жағдайға байланысты шектеулердің енгізілуіне байланысты қаржылық жағдайы нашарлаған жеке кәсіпкерлерге және шағын және орта бизнес өкілдеріне беріледі.

«Бизнестің Жол картасы-2020», «Бизнестің Жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламалары аясында кәсіпкерлігін бастаған заңды тұлғалар қарызды кейінге қалдыру үшін «ДАМУ» РКҚ-мен қосымша келісу қажет болады.

ForteBank баспасөз қызметінің ақпаратынша, клиенттерге банкке хабарласу үшін филиалға арнайы келудің қажеті жоқ.

Вирустың таралуын шектеу мақсатында ForteBank цифрлық байланыс құралдары негізінде жұмыс ағынын веб-сайт, мобильді қосымша, электрондық пошта арқылы ұйымдастырады.  

Жеке тұлғалар, сондай-ақ, жеке кәсіпкерлер мен ШОБ субъектілері өздерінің өтініштеріне қаржылық жағдайының нашарлауын растайтын сканерленген құжаттарды қоса беруі қажет.

Толық нұсқаулар мен талап етілетін құжаттардың нақты тізімі жақын арада банктің ресми сайтына жарияланады.

"ForteBank барлық клиенттеріне ақпараттық және кеңестік қолдау көрсетеді. Қазіргі уақытта қаржы ұйымы клиенттеріне үзіліссіз қызмет көрсету үшін операциялық бөлімшелерді жаппау туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар санитарлық шараларды барынша күшейтті және клиенттер барлық сауал бойынша уақтылы ақпарат алуы үшін call-орталықтарын көбейтті" делінген хабарламада.