«1406 байланыс орталығының операторлары осындай маңызды кезеңде халыққа денсаулықты нығайту және ағзаны қорғау, күдікті симптомдар байқалғанда қалай әрекет ету шаралары бойынша кеңес беру дайындығынан өтті.
«Қазіргі уақытта Медициналық сақтандыру қорының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының қызметкерлері дәрігерлер мен тұрғын халыққа қолдау білдіру мақсатында күшейтілген тәртіпте жұмыс істеуде. 1406 байланыс орталығына тартылған. Операторлар сырқаттанып қалған жағдайда қайда бару керек, қандай симптомдарға назар аудару керек екенін, талдауларды (анализдерді) қайда тапсыруға болатынын түсіндіреді.
Өздеріңіз білесіздер, Үкімет пен уәкілетті органдар қабылдап жатқан шаралар халықты қорғауға бағытталған. Алайда, қоғамдық орындарға бару, көшеде себепсіз жүру денсаулыққа қауіп төндіретінін саналы азаматтар түсінуі керек. Сондықтан, елордалықтарды ерекше жағдайға көңіл бөлуге, бірігіп, бір-бірімізге көмек қолын созуға, вирус жұқтырудан сақтанып, оның алдын алуға, тазалық-гигиена шараларын ұстануға, сабырмен, ұйымдаса әрекет етуге шақырамыз» - дейді «Медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Айдар Сейітқазинов.
Естеріңізге сала кетейік, өз сұрақтарыңызды 1406 операторларына Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы да жолдауыңызға болады. Жолданымға тіркеу нөмірі беріледі, содан кейін Сіз өзіңіздің жеке кабинетіңізде оның мәртебесін тексере аласыз» делінген хабарламада.