«Елордада коронавирус жұқтырған адамдардың саны 25 адамға жетті. 18 адам стационарда ем алып жатыр. Дене температурасы қалыпты шамада, шағымдары жоқ. Барлық науқастар дәрігерлердің қатаң қадағалауында. Барлық медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Клиникалық белгілері байқалған жоқ. Қазіргі уақытта эпидемиологиялық іс-шаралар жүргізіліп жатыр» деді Сәуле Қисықова.