Арнайы карантиндік аймақтар құрылатын өткізу бекеттерінің тізімін Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия бекітетін болады. Бұдан бөлек, жекелеген өткізу пункттерін уақытша жабу мүмкіндігі қаралмақ.
Қазақстанның мемлекеттік шекарасында барлығы 51 өткізу бекеті бар. Оның 37-сі Еуразиялық экономикалық одақ елдері (Ресей Федерациясы, Қырғызстан Республикасы) шекарасында, 14-і Қытай Халық Республикасы, Өзбекстан және Түркіменстан елдері шекарасында орналасқан.