24 Тамыз, 2013

«Хакер»

415 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Ақан Сатаев канадалықтармен бірге жаңа фильм түсірмек

Бұл күндері еліміздегі «Сатайфильм» кинокомпаниясы канадалық Know Rules Media кинокомпаниясымен бірігіп, «Хакер» киножобасын жүзеге асыруға кірісіп кетті. Қазақстандағы ең табысты режиссер саналатын Ақан Сатаев бұған дейін «Рекэтир», Жаужүрек мың бала», «Адасқандар», «Ликвидатор» атты картиналарды түсіріп, отандық кинематографияда өз беделін мықтап бекемдеген суреткер.

Ал жаңа киножобаның сюжетіне келсек, өндірдей жас жігіт хакерліктің ұңғыл-шұңғылын меңгере келе оңай олжа табуға құныға бастайды. Алайда, адам өзінің барлық әрекетіне жауап беруі тиіс қой. Күндердің күнінде «жеңіл келген ақшаның» өтеуі ауыр боларын кім білген... Ғаламтор кезген қылмыскер өзі қазған ордан өзі шыға ала ма? Жаңа картина осы жайында.

– Біз үшін Сатаевпен серіктес болу үлкен мәртебе. Біз өз тарапымыздан табысты кино түсіру үшін қолдан келгенді жасаймыз, – дейді киножобаның біріккен продюсері Санжар Сұлтанов.

Айтқандай, Know Rules Media кинокомпаниясының президенті – Лоуден Оуэн мырзаның дәп өзі. Ол «Титаник», «Парк Юрского периода» атты атышулы картиналарды түсірген 3D технологиясымен қамтамасыз етілген Softlmage компаниясын қаражаттандырып, іске қосуымен де әйгілі бизнесмен.

Сондай-ақ, жобаны қазақстандық іскерлер Ғалымжан Мейрамбеков пен Жанболат Серіков қаржыландыратыны белгілі болып отыр. Сол сияқты, демеушілер қатарында Mobli компаниясының негізін қалаған Еркін Рақышевтың да аты аталуда. Әзірге картина бюджеті қандай қаражатты қажет етері айтылған жоқ.

«Хакер» картинасының кинобазасы Торонто қаласында қоныстанатын болады. Ал алдағы қыркүйек айынан бастап қызу дайындық жұмыстары қолға алынып, жаңа киножоба беделді халықаралық кинофестивальдердің бірінде таныстырылады. Фильмді түсіру жұмыстары Нью-Йорк, Торонто, Дубай мен Бангкокта жалғасады.

Әзірге картинаға түсуге кастинг жүргізілмеген. Дегенмен, бізге белгілісі, басты және екінші кезектегі рөлдердің барлығын америкалық және канадалық актерлар ойнайтын болады. Олардың арасында әлемге әйгілі киножұлдыздар да бар.

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

АЛМАТЫ.

Соңғы жаңалықтар

Екі дос

Қоғам • Кеше