Қазақстан • 19 Наурыз, 2020

Карантинде зерікпеңіз: Пайдалы сайттар мен ресурстар

1053 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Коронавирус карантині кісілік кемелденуге бастар жол болып тұрғандай. Жаппай үйде оқшаулану көпшілік үшін жаңа мүмкіндіктер сыйлап отыр.

Карантинде зерікпеңіз: Пайдалы сайттар мен ресурстар

Үйде отырып, зерікпес үшін Netflix, Amazon Prime сынды алып қызмет компанияларының жеңілдіктерінен кейін ізінше өзге де сайттар онлайн режимде ақпарат алуды оңайлата бастады. Осы орайда мәдениет мен әдебиет, өнер, ғылым-білім бағытындағы, сондай-ақ өзін өзі дамыту бойынша көптеген ашық дереккөздерді топтастырып, ұсынып отырмыз.

 

Englishdom.com

«Оларға онлайн режимде оқуға және EdTech білім беру технологиясын толық пайдалануға мүмкіндік беру үшін біз 3 ай бойы ED Words қызметіне қол жетімділікті ашамыз», дейді EnglishDom директоры Максим Сундалов.

Ағылшын тіліндегі сөздерді үш ай бойы тегін үйрену үшін, EDWords сайтындағы Ағылшын үйрену бағдарламасын App Store немесе Google Play дүкенінен жүктеп алу керек. Содан кейін тіркеліп, профилге өтіп, ed_free промокодты енгізіңіз.

 

Вена операсы, Нью-Йорк Метрополитен-опера театры және отандық ART & Shock, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ Мемлекттік Академиялық драма театры

Кіру уақыты: 16 наурыз / 17 наурыз 20:30 (ART және Shock)

Қазір мәдени орындарға карантин жарияланғалы бері, «асауға тұсау» салынғандай театрдан қол үзіп, көндіге алмай жатқанымыз рас. Бірақ өнерге ынтық жандар үшін қуанышты жаңалықтар баршылық. Вена операсы мен Нью-Йорк Метрополитен-опера театры сіздер үшін HD спектакльдерін ұснып отыр. Сізге тек сайтқа кірсеңіз жеткілікті. Құштарлыққа толы Карменнің тартысты ойынын немесе күллі әлемнің опера театрларының төрінен түспейтін  «Травиата» операсын тамашалай аласыз.

Бұндай жағымды үрдістен өзіміздің отандық театрлар да шет қалмады. Алғашқылардың бірі болып teatrartishock театрының Youtube арнасында «ER-TÖSTIK» спектаклінің алғашқы онлайн-трансляциясын өткізді. Бұл қатарда Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ Мемлекттік Академиялық драма театры да бар. Youtube-тегі Auezov Theatre арнасы көрермендерін апта сайын жаңа қойылыммен қуантпақ.

 

Битрикс24 

Кіру мерзімі: 5 наурыздан бастап

Қазір жұмыс берушілер үшін компанияны қашықтан жұмыс істеу тәртібіне көшіру қызып тұр әрі қажеттілік. Сондықтан, Bitrix24 веб-сайты тек қана тегін емес, сонымен қатар қолданушылар саны жағынан шектеусіз. Егер бұған дейін тек 12 пайдаланушыны тегін қосуға болатын болса, қазір мыңдаған компанияға дейін қосылуға мүмкіндік берілді.

Бағдарламаның артықшылығы сол барлық ақпарат мессенджерлер арасында жоғалмайды және құжат айналымы, ақпарат алмасу оңтайландырылған.

 

Google G Suite немесе Microsoft топтары 

Кіру мерзімі: 5 наурыздан бастап

IT алпауыттары қолданушылар алдындағы әлеуметтік жауапкершілікті сезіне отырып, G Suite және Teams жиынтығын ашық етті. Бұл компанияларға, университеттерге және басқа да ірі қауымдастықтарға прогреске жол аша отырып, әрдайым байланыста болуға мүмкіндік береді. Мысалы, G Suite-де барлық жазбаларды сақтай отырып, 250 адамға дейін конференциялар жасай аласыз. Teams алаңында Майкрософттың барлық қосалқы бағдарламаларын қолдануға болады және бір уақытта байланыса алады.

 

Call of Duty: Warzone 

Кіру мерзімі: 10 наурыздан бастап

Жақсы ойластырылған интерфейсі бар желілік ойын күніңізді қызықты ете түседі. Мысалы, Activision компаниясының жаңа өнімін қазірдің өзінде 15 миллионнан астам ойыншы бағалап үлгерген. Бүрын-соңды ойнап көрмеген болсаңыз, сілтемені басып көріңіз. Ара-тұра ойын ойнап тұрғанның зияны болмас.

 

Premier, ivi және Okko онлайн кинотеатрлары   

Ресейлік орталықтар киносүйер қауымды қолдау мақсатында бірқатар мүмкіндіктер беріп отыр. Олар тіпті @OkkoBro_bot атты телеграм бот құрып, қолданушыларға кеңес беріп, жазылу пакетін беріп жатыр. Ешқайда асықпасаңыз, көкейде жүрген фильмдер мен телешоуларды көріп тастайтын уақыт келді.

 

China National Knowledge Infrastructure (Қытай ұлттық білім инфрақұрылымы)

Кіру мерзімі: 29 ақпан - 1 шілде

Қытайдың Цинхуа университеті карантин уағында Қытайдың барлық жарияланған зерттеулері мен коронавирусқа қатысты мәліметтермен танысу үшін ғылыми базаны көпшілікке тегін ұсынып отыр. Соңғы зерттеу жұмыстарының оң нәтижесін бақылап, жағдайды бағамдай отырыңыз!

 

Coursera

Кіру мерзімі: 12 наурыздан 31 маусымға дейін

Coursera-да Америка мен Еуропаның жетекші университеттері құрастырған миллиондаған курстарды тауып, ала аласыз. Ашық алаң физика, медицина, биология, математика, информатика, экономика және бизнес курстарын қамтиды. Одан бөлек өнер мен гуманитарлық бағыттағы сабақтар бар. Курстардың ұзақтығы шамамен алты-он аптаны құрайды, аптасына 1-2 сағат видео дәрістер, курстарға тапсырмалар, апталық жаттығулар, кейде қорытынды жоба немесе емтихан кіреді.

 

Альпина баспасы

Кіру мерзімі: 17 наурыздан бастап Ресей Федерациясындағы карантиннің соңына дейін

Көрсетілен сайтқа GIFT_STAYHOME кодын қолдана отырып, Альпина баспасынан шыққан iOS және Android қосымшаларында түрлі тақырып бойынша 70 шақты электронды кітапты жүктей аласыз.