Аймақтар • 20 Наурыз, 2020

Жезқазғандағы санитарлық бекет жұмысынан фоторепортаж

743 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды қаласының Октябрь ауданында, облыстағы Жезқазған, Теміртау және Балқаш қалаларына кіреберіс жолдарда, сондай-ақ, Нұра ауданында санитарлық бекеттер ұйымдастырылғанын мұның алдындағы ақпараттың бірінде айтқан болатынбыз.

Жезқазғандағы санитарлық бекет жұмысынан фоторепортаж

Суреттерді түсірген Ерлан ОМАР, «Egemen Qazaqstan»

Мысты қаланың кіреберіс қақпасында орналасқан осындай бекеттің жұмысы кешеден бері қарбалас жүріп жатыр.

– Жезқазғанға негізінен Нұр-Сұлтан қаласынан автокөліктер көп келіп жатыр. Біз жүргізушілердің қызуын тексереміз. Әзірге күдік тудыратын оқиғалар бола қойған жоқ, – дейді бригада мүшесі, жергілікті №1 ОДА-ның қызметкері.

Санитарлық бекетте төрт адам тәулік бойы кезекшілік қызмет атқарады. Бригада құрамында медициналық қызметкерлер, полиция өкілдері және тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мамандары бар. Олар қалаға келген автокөліктердің барлығын тоқтатып, азаматтарды коронавирустық инфекция белгілері бойынша тексеруден өткізеді. Қажет болған жағдайда дезинфекциялық іс-шараларды жүзеге асырады.

 1

4

2

4

4

6

4

9

9

7

9

9

9

9

89