Президент • 19 Наурыз, 2020

Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевтың есебін тыңдады

126 реткөрсетілді

Ерболат Досаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа валюта нарығы мен қаржы саласындағы қазіргі ахуал туралы айтты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Ұлттық банк төрағасы Қазақстанның қор биржасындағы «теңге-доллар» саудасы кезінде Франкфурт аукционы әдісін уақытша енгізу, сондай-ақ, қаржылық тұрақтылық пен іскерлік белсенділікті сақтау мақсатында ақша-кредит саясатына қатысты қабылданған шаралар жайында баяндады.

Мемлекет басшысы валюта нарығындағы жағдайды тұрақтандыру үшін Ұлттық банктің, Үкіметтің және ұлттық холдингтердің үйлесімді жұмыс жүргізіп, тиімді шешімдер қабылдауының маңыздылығын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, инфляция деңгейінің өсуіне қарсы жұмыстарға ерекше назар аудару керек.

Кездесу қорытындысы бойынша Президент отандық кәсіпорындарға несие беруге, олардың операциялық қызметін қаржыландыруға қатысты кешенді қолдау шараларын қабылдауды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар

Ғасыр зұлматы

Қоғам • Бүгін, 22:15

Жазушылықтан мақтанға дейін

Әдебиет • Бүгін, 17:40

Құрдым (төрттаған)

Әдебиет • Бүгін, 17:20

Цифрландыру барысын пысықтады

Қазақстан • Бүгін, 16:29

Жаңа форматтағы жыр кеші

Руханият • Бүгін, 16:25

Өткен жылы 59,8 мың жұп ажырасқан

Қазақстан • Бүгін, 16:12

Түн тыныштығын бұзатындар көп

Аймақтар • Бүгін, 14:28

Қырылмасақ, 40 миллион болар едік

Қазақстан • Бүгін, 14:05

Жүрекке салған жаралар өшпейді

Руханият • Бүгін, 12:58

Ұқсас жаңалықтар