24 Тамыз, 2013

Бір шөлмек үшін анасын өртеді

275 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 

Орал қаласында анасын тірідей өртеген қаныпезерге сот үкімі шықты. Жантүр­ші­герлік оқиға осы жылы орын алған. Бұл туралы «31» телеарна хабарлады.

Еш жерде жұмыс істемейтін Руслан Магомедов үйіне мас болып келіп, анасынан араққа ақша сұрайды. Алайда, зейнеткер баласына ақша жоқ екенін айтады. Ашуға булыққан ол анасының үстіне бензин құяды да, от қояды және көмек сұраған жан даусына қарамастан үйден шығып кеткен. Ал денесін күйік шалған кейуана аурухана төсегінде есін жи­ған кезде, болған жайды құқық қор­ғау қызметкерлеріне айтып береді. Арада бірнеше күн өткенде жа­зық­сыз жапа шеккен зейнеткер қай­тыс болды. Осы оқиғаға байланысты қылмыстық істі қараған судья­ Р.Магомедовті 17 жылға бас бос­тандығынан айыруға үкім шығарды.

Бақытбек КЕНЕШҰЛЫ.