24 Тамыз, 2013

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №372

244 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін

2013 жылғы 17 сәуір, Астана, Үкімет Үйі

Ақпараттық жүйелердегi жеке тұлға туралы мәлiметтердi сәйкес келтіру қағидаларын бекiту туралы

«Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» 2005 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Ақпараттық жүйелердегi жеке тұлға туралы мәлiметтердi сәйкес келтіру қағидалары бекiтілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі          С.АХМЕТОВ.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы «17» сәуірдегі №372 қаулысымен бекітілген

Ақпараттық жүйелердегi жеке тұлға туралы мәлiметтердi сәйкес келтіру қағидалары

1. Жалпы ережелер
1. Осы Ақпараттық жүйелердегi жеке тұлға туралы мәлiметтердi сәйкес келтіру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» 2005 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді, ақпараттық жүйелердегі жеке тұлға туралы мәліметтерді сәйкес келтіру тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ақпараттық жүйе – аппаратты-бағдарламалық кешенді қолдана отырып, ақпаратты сақтауға, өңдеуге, іздестіруге, таратуға, беруге және ұсынуға арналған жүйе;
2) ақпараттық жүйенің операторы – жеке тұлға (өтініш беруші) туралы мәліметтерді жинауды, өңдеуді және қорғауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар, заңды тұлғалар;
3) балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкiлеттi орган – республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы;
4) құжаттың электрондық көшірмесі – өтініш берушінің немесе осы құжатты куәландыру өкілеттігіне ие адамның не мемлекеттік қызмет көрсетуді алушының өзінің жеке қатысуы кезінде берген жазбаша келісімі негізінде халыққа қызмет көрсету орталығының уәкілетті қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, түпнұсқа құжаттың түрін және ондағы ақпаратты (деректерді) электрондық-цифрлық нысанда толығымен көрсететiн құжат;
5) жеке тұлға (бұдан әрі – өтініш беруші) – жәрдемақы (бала туғанда берілетін жәрдемақы, бала күтімі жөніндегі жәрдемақы немесе балаларға арналған жәрдемақы) тағайындау үшін отбасының атынан өтініш беретін адам;
6) уәкілетті ұйымның бөлімшесі (бұдан әрі – орталық бөлімшесі) - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның қалалық, аудандық бөлімшелері;
7) Халыққа қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі – ХҚО) – жеке және (немесе) заңды тұлғаларға «жалғыз терезе» қағидаты бойынша өтініштерді қабылдау және құжаттарды беру жөнінде мемлекет­тік қызметтердің көрсетілуін ұйымдастыруды жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік кәсіпорын.
3. Ақпараттық жүйелердегi жеке тұлға туралы мәлiметтердi сәйкес келтіру үшін негіз орталық бөлімшесінің немесе ХҚО-ның не балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау мен төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымның ақпараттық жүйелердегi жеке тұлға туралы жоқ мәліметтерді сәйкес келтіру жөніндегі ақпараттық жүйенің операторына сұрау салуы болып табылады.
2. Ақпараттық жүйелердегi жеке тұлға туралы мәлiметтердi сәйкес келтіру тәртібі мен мерзімдері
4. Ақпараттық жүйелерде өтініш беруші туралы сұратылатын мәліметтердің жоқ екенін растайтын электрондық құжаттарды ақпараттық жүйенің операторынан алған жағдайда өтініш беруші жүгінген күні сұрау салуды жүзеге асырған орталық бөлімшесі немесе ХҚО не балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және беру жөніндегі уәкілетті орган ақпараттық жүйелердегі өтініш беруші туралы мәліметтерді сәйкес келтіру үшін осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжаттардың түпнұсқасын ұсыну қажеттігі туралы өтініш берушіні хабардар етеді.
Хабарлама орталық бөлімшесінің немесе ХҚО-ның не балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті органның уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрi – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат түрiнде осы Қағидаларға 1-қосымшада белгіленген нысан бойынша беріледі.
5. Ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді сәйкес келтіру үшін өтiнiш берушi хабарламаны алған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде орталық бөлімшесіне немесе ХҚО-ға не балаларға арналған жәрдемақыны тағайы ндау және төлеу жөніндегі уәкілетті органға осы Қағидаларға 2-қосымшада белгіленген нысан бойынша өтінішті және мына құжаттардың түпнұсқаларын:
1) өтiнiш берушiнің жеке басын куәландыратын құжатты (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе оралмандар үшін Қазақстан Республикасында шетел азаматтарының тұруға ықтиярхаты), ал тұлғаның өкiлi – өкілдің жеке басын және өкілеттігін куәландыратын құжаттарды;
2) ақпараттық жүйелердегі өтініш беруші туралы жоқ мәліметтерді қамтитын құжатты ұсынады.
Өтініш беруші жүгінген күні өтініш ресімделеді және тіркеледі.
Осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттың болмауы өтінішті тіркеуден бас тарту үшін негіз болып табылады.
6. Ақпараттық жүйелердің операторы ақпараттық жүйелерде өтініш беруші туралы сұратылған мәліметтердің жоқ екенін растайтын электрондық құжаттарды ұсынған жағдайда балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі сұрау салуды жүзеге асырған уәкілетті орган құжаттарды алған күні кент, ауыл, ауылдық округ әкiміне хабарлайды және ол арқылы өтініш берушіге осы Қағидаларға 3-қосымшада белгіленген нысан бойынша ақпараттық жүйелердегі ол туралы мәліметтерді сәйкес келтіруге өтініш берушіден жазбаша келісім алу қажеттілігі туралы хабарлама жібереді.
Өтініш беруші хабарламаны өтініш берушіге берген сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 4-қосымшада белгіленген нысан бойынша оған бұрын ұсынылған құжаттардың көшірмелері негізінде ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді сәйкес келтіруге жазбаша келісімін кент, ауыл, ауылдық округтің әкімі арқылы балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті органға береді.
7. Орталық бөлімшесінің немесе ХҚО-ның не балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті органның уәкілетті адамы өтiнiш берушіден өтінішті және құжаттардың түпнұсқаларын қабылдаған күні құжаттардың электрондық көшірмелерін жасайды және құжаттардың түпнұсқаларын өтініш берушіге қайтарады, содан кейін мынадай іс-қимылдарды жүзеге асырады:
1) ақпараттық жүйенің операторына осы Қағидаларға 5-қосымшада белгіленген нысан бойынша электрондық құжат түрінде орталық бөлімшесінің немесе ХҚО-ның не балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті органның уәкілетті адамының ЭЦҚ-сымен куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмелері бекітілген сұрау салуды жібереді;
2) ақпараттық жүйелердегi жеке тұлға туралы мәліметтерді сәйкес келтіру үшiн өтінішті және құжаттарды қабылдау туралы қолхатты өтiнiш берушiге бередi.
Балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган кент, ауыл, ауылдық округтің әкімі арқылы өтініш берушіден алған ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді сәйкес келтіруге жазбаша келісімді қабылдаған күні балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті органның уәкілетті адамы мынадай іс-қимылдарды жүзеге асырады:
1) ақпараттық жүйенің операторына осы Қағидаларға 5-қосымшада белгіленген нысан бойынша электрондық құжат түрінде балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті органның уәкілетті адамының ЭЦҚ-сымен куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмелері бекітілген сұрау салуды жібереді;
2) өтініш берушіге ақпараттық жүйелердегі өзі туралы мәліметтерді сәйкес келтіруге оның жазбаша келісімін алу туралы қолхатты кент, ауыл, ауылдық округтің әкімі арқылы жібереді.
8. Ақпараттық жүйенiң операторы орталық бөлімшесінен немесе ХҚО-дан не балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті органнан сұрау салуды алған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде сұрау салудағы және мұрағаттық құжаттардағы жеке тұлға туралы мәліметтердің ақпараттық жүйелердегі жеке тұлға туралы мәліметтермен сәйкестігін тексереді, содан кейін ақпараттық жүйенің операторы мынадай іс-қимылдарды жүзеге асырады және оларды тексерудің нәтижесі бойынша орталық бөлімшесіне немесе ХҚО-ға не балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті органға хабарламаны жолдайды:
1) сұрау салуда көрсетілген фактілер расталған кезде ақпараттық жүйелерге тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді, содан кейін орталық бөлімшесіне немесе ХҚО-ға не балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті органға осы Қағидаларға 6-қосымшада белгіленген нысан бойынша ақпараттық жүйе операторының уәкілетті адамының ЭЦҚ-сым