Қоғам • 20 Наурыз, 2020

Елордадағы бақылау өткізу-бекетінде бірінші карантин күні қалай өтті?

172 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің бастығының орынбасары Айдос Рысбаев бақылау өткізу-бекетінде жұмыс істеп жатқан қызметкерлердің жұмысын түсіндірді.

Елордадағы бақылау өткізу-бекетінде бірінші карантин күні қалай өтті?

«Карантиннің бірінші күні қалыпты жағдайда өтті. Полиция қызметкерлері қалаға кірген және шыққандардың құжаттарын планшет арқылы электронды деректер базасынан сол мезетте тексеруде. Тексеріс шаралары кезінде шыдамдылық пен түсіністік танытқан көлік жүргізушілері мен жолаушыларға алғыс білдіреміз. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету біздің басты назарда», деді Айдос Рысбаев.