Экономика • 20 Наурыз, 2020

Теңгенің әлсіреуі шикізат нарығында байқалды

236 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Былтыр «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ тобындағы шоғырландырылған кіріс мөлшері 502,3 млрд теңгеге жетті. Бұл көрсеткішке U3O8 (уран оксиді) нарығындағы спот бағаның өсуі (қолма-қол баға) және былтырғы АҚШ долларына шаққандағы теңгенің әлсіреуі ықпалын тигізді. Бұл туралы ұлттық атом компаниясының қаржылық есебінде айтылған.

Теңгенің әлсіреуі шикізат нарығында байқалды

2019 жылы компания тобындағы шоғырландырылған кіріс мөлшері 502,3 млрд теңгеге жетті. Бұл көрсеткішке U3O8 (уран оксиді) нарығындағы спот бағаның өсуі (қолма-қол баға) және былтырғы АҚШ долларына шаққандағы теңгенің әлсіреуі ықпалын тигізді. Алдыңғы кезеңмен салыстырғанда төмен динамиканың едәуір үлесі топтың құрамына «Инкай» БК» ЖШС, «Қаратау» ЖШС, «Ақбастау» АҚ, сондай-ақ 2018 жылы «Байкен-U» ЖШС және «Хорасан-U» ЖШС қосумен байланысты. Сәйкесінше, аталған мәмілелер бойынша 2018-2019 жылы таза кірісті 347,5 және 54,6 млрд теңгеге арттырды. Сондай-ақ былтыр  бірлескен операцияларға байланысты міндеттемелер есептен шығарылып, кіріс 17,0 млрд теңгені құрады. Бұл сома бастапқыда 2018 жылдың қорытынды есебінде ескерілген еді. Нәтижесінде бұл көрсеткіш 2019 жылдағы таза кіріске әсерін тигізді. Осы табыс 2018 жылғы бірлескен операциялардан сатып алынбаған уран көлеміне тиесілі. Оны келесі кезеңдерде де сатып алу қарастырылмағандықтан, бұл міндеттеме 2019 жылы есептен шығарылды. Жоғарыдағы түзетулерді ескере отыра таза кіріс 2018 жылдың қорытындысымен салыстырғанда 84%-ға ұлғайып, 142,1 млрд теңгені құрады.