24 Тамыз, 2013

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 411

453 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін

2013 жылғы 29 сәуір,    Астана, Үкімет Үйі

Министрліктердің, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдардың штат саны лимиттерінің кейбір мәселелері және кейбір мемлекеттік мекемелерді тарату туралы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Мыналардың:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балаларды қорғау комитетінің аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелері таратылсын.
2. Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиті 5 420 бірлікке ұлғайтылсын, оның ішінде:
1) мыналардың есебінен ауылдық округтер, кенттер, ауылдық округтердің құрамына кірмейтін ауылдар әкімдерінің аппараттарын 4 869 бірлікке нығайтуға:
Ішкі істер және Төтенше жағдайлар министрліктерінің әскери қызметшілерін қоспағанда, орталық атқарушы органдардың аумақтық органдарының және олардың ведомстволарының санын қысқарту (оның ішінде бос орындар есебінен) – 4 006 бірлік;
мына:
Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің – 224 бірлік;
Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің – 139 бірлік аумақтық органдарын – мемлекеттік мекемелерін тарату;
жергілікті атқарушы органдардың облыстық құрылымдарының штат санын 500 бірлікке мыналар арқылы оңтайландыру:
облыстық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдардың бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарын 216 бірлікке қысқарту;
облыстық басқармаларды қайталайтын облыстардың жергілікті атқарушы органдары әкімдері аппараттарының құрылымдық бөлімшелерін 94 бірлікке оңтайландыру;
облыстардың жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармаларын 190 бірлікке тарату (қысқартылған штат саны Астана және Алматы қалалары әкімдерінің қарауында қалатын Астана және Алматы қалалары басқармаларын қоспағанда);
2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің таратылған 131 бірлігі есебінен облыстарда, Астана және Алматы қалаларында балалардың құқықтарын қорғау басқармаларын құруға;
3) жекелеген орталық атқарушы органдардың аумақтық органдарының функцияларын беруге байланысты облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарына 920 бірлік мөлшеріндегі штат санының лимиті, оның ішінде орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінен – 462 бірлік, Дін істері агенттігінен – 86 бірлік, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінен – 372 бірлік қайта бөлінсін.
3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:
1) әкімдер аппараттары мен аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) атқарушы органдарының және қалалардағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкiмдерiнiң аппараттары штат санының лимиттерiн «Жергiлiктi атқарушы органдардың штат санының лимиттерiн бекiтудiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 қаулысымен бекітілген штат санының лимиттерiн сақтай отырып, 3-қосымшада көзделген штат санының лимиттері шегiнде бекiтсiн және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілiктi атқарушы органдарына жеткiзсiн;
2) «Жергiлiктi атқарушы органдардың штат санының лимиттерiн бекiтудiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 қаулысына 1-қосымшамен бекітілген жергілікті атқарушы органдардың штат саны шегінде кенттер, ауылдар, ауылдық округтер санының белгіленген нормативінен артық қосымша штат санын жылына бір реттен жиілетпей бөлуге рұқсат берілсін.
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 қарашадағы № 1232 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 46, 582-құжат):
6-тармақтың 5) тармақшасы алынып тасталсын;
2) «Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекітудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсанда ғы № 1324 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 49, 627-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттері және облыстардың, Алматы және Астана қалаларының, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкімдері орынбасарларының шекті саны осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары штат санының лимитi осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
3) «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 тамыздағы № 744 қаулысында:
көрсетілген қаулыға қосымша алынып тасталсын;
4) «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:» деген 2-бөлімде:
3-бағанда «128255» деген сандар «128114» деген сандармен ауыстырылсын;
мына:
«
    Облыстардың бюджеттері мен республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттері есебінен ұсталатын ішкі істер органдарының әкімшілік полициясы, оның ішінде:    45596
    Астана қаласының Ішкі істер департаменті    2566
    Ақмола облысының Ішкі істер департаменті    2697
    Ақтөбе облысының Ішкі істер департаменті    2306
    Алматы қаласының Ішкі істер департаменті    4396
    Алматы облысының Ішкі істер департаменті    2894
    Атырау облысының Ішкі істер департаменті    1855
    Шығыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті    4426
    Жамбыл облысының Ішкі істер департаменті    2307
    Батыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті    1931
    Қарағанды облысының Ішкі істер департаменті    5027
    Қызылорда облысының Ішкі істер департаменті    1721
    Қостанай облысының Ішкі істер департаменті    2811
    Маңғыстау облысының Ішкі істер департаменті    1849
    Павлодар облысының Ішкі істер департаменті    2345
    Солтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті    2140
    Оңтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті    4325


»
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
    Облыстардың бюджеттері мен республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттері есебінен ұсталатын ішкі істер органдарының әкімшілік полициясы, оның ішінде:    45455
    Астана қаласының Ішкі істер департаменті    2560
    Ақмола облысының Ішкі істер департаменті    2687
    Ақтөбе облысының Ішкі істер департаменті    2301
    Алматы қаласының Ішкі істер департаменті    4387
    Алматы облысының Ішкі істер департаменті    2886
    Атырау облысының Ішкі істер департаменті    1850
    Шығыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті    4408
    Жамбыл облысының Ішкі істер департаменті    2301
    Батыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті    1925
    Қарағанды облысының Ішкі істер департаменті    5010
    Қызылорда облысының Ішкі істер департаменті    1716
    Қостанай облысының Ішкі істер департаменті    2799
    Маңғыстау облысының Ішкі істер департаменті    1844
    Павлодар облысының Ішкі істер департаменті    2337
    Солтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті    2132
    Оңтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті    4312


»;
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:» деген 3-бөлімде:
3-ба

Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 09:15

Бұйырғаны – жеті жүлде

Күрес • Бүгін, 09:05

Өнер көгіндегі ақиық

Тұлға • Бүгін, 08:55

Қайталап оқу терапиясы

Руханият • Бүгін, 08:50