Ақмола облыстық экономикалық тергеу департаментінің шұғыл-іздестіру іс-шарасы барысында кәсіпкердің заңсыз әрекеті әшкереленді. Ол 10 мың дана медициналық масканы заңсыз сатқан. Еліміз бойынша тапшы тауар жоғары бағамен саудаланған. Бір данасы 140 теңгеден сатылды.
– Іс-шара барысында 10 мың дана көлеміндегі масканың Нұр-Сұлтан қаласынан әкелінгені анықталды. Тауар облыстық денсаулық сақтау басқармасына өткізіледі,–дейді облыстық экономикалық тергеу департаменті жетекшісінің орынбасары Мермухамет Скатов.