Коронавирус • 20 Наурыз, 2020

Коронавирус: Алматыда анықталған 3 адам кім?

714 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев Алматыда вирус жұқтырғандардың кімдер екенін айтты.


Коронавирус: Алматыда анықталған 3 адам кім?

«Қазіргі уақытта Алматыда жұқпалы аурулар ауруханаларында коронавирустық инфекция расталған  22 пациент бар. Үшеуінің бірі қала тұрғыны.  Ол шетелден келген азаматтармен байланыста болған. Құрғақ жөтел, тамақтың қырылдауы, кеуде тұсының  ауруы, құлақтың бітелуі сияқты симптомдарға байланысты 18 наурызда одан коронавирусқа лабораториялық  талдаулар алынды. Өкінішке орай, кеше оң нәтиже алдық. Пациент дереу стационарға оқшауланды», деді Тілеухан Әбілдаев.

Сондай-ақ ол індет жұқтырған екінші науқас Берлин-Алматы чартелік рейсінің борт-серігі екенін мәлімдеді.

«Коронавирус расталған екінші пациент Берлин-Алматы чартелік рейсінің борт-серігі. Ол ұшып келген күннен бастап, яғни 12 наурыздан бері жұқпалы аурулар ауруханасында карантинде болды. Сондай-ақ үшінші адам 1997 жылы туған ер адам 19 наурызда түнде Париж-Минск-Алматы рейсімен ұшып келген. Ол провизорлық госпитальге карантинге түсті. Бүгін қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылды», деді ол.

Оның айтуынша, бүгінгі күні 20 науқастың денсаулық жағдайы қанағаттанарлық. Ал екі адамда ауырлығы орташа. Қазіргі таңда қаланың провизорлық госпиталінде 696 адам, үй карантинінде 1108 адам медициналық бақылауда жатыр.