Аймақтар • 20 Наурыз, 2020

Көкшетаудағы мешіт маскаларды тегін таратуда

249 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс орталығындағы науан хазірет атындағы орталық мешіттің жанынан «Zeinep» тігін цехында дайындалған, бірнеше мәрте пайдалануға әбден жарайтын маскалар жамағатқа тегін таратылуда.

Көкшетаудағы мешіт маскаларды тегін таратуда

Көпшіліктің қолы жетпей отырған маскаларды мешітке келіп алуға әбден болады. Әзірге шеберлер бір күннің ішінде 500 данаға жуық маска дайындауда. Бұл игілікті шаруа Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ақмола облысындағы өкіл имамы Қуаныш қажы Жұмабайұлының тапсырмасымен дайындалуда. «Zeinep» тігін курсындағы қыз-келіншектер бас имамның бастамасын бірден қолдап, ыждаһаттылықпен еңбек етуде. Алдағы уақытта да игілікті іс жалғасын таппақ.