Аймақтар • 20 Наурыз, 2020

Көкшетауда антисептик шығарылуда

230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс орталығындағы «Тұрмыстық химия зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бүгінгі қажеттілікке орай антисептик шығара бастады.

Көкшетауда антисептик шығарылуда

Дауасыз дерт өршіп тұрған кезде зауыт басшылығы осындай шешім қабылдаған. Антисептикті шығаруға қажетті қоспалардың бәрі бар. этил спирті іргедегі Айдабол спирт зауытынан алынуда. Қазір өндіріс толық қуатында жұмыс істеп тұр.

      – Біз аз уақыттың ішінде жаңа өндірістік бағытты жолға қойдық,–дейді зауыт директоры Фарук Курмаев,–бүгінгі күні «Есіл» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясымен 15 000 литр өнім өндіру жөнінде шарт жасастық.

Кәсіпорын айына 60 000 литрге жуық өнім шығара алады. Өнімдері 1,5 литр және 220 мл ыдыстарға құйылады. Айтпақшы мұндай ыдыстарды зауыттың өзі дайындайды. Дайын өнімнің құны арзан. Бір литрі 1500 теңге тұрады.