24 Тамыз, 2013

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 457

291 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

2013 жылғы 8 мамыр,    Астана, Үкімет Үйі

«Мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандарын және Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 қарашадағы № 1324 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандарын және Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 қарашадағы № 1324 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 2, 32-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру қағидаларында:
3, 4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Халықаралық іскерлік операциялары мәмілелер мониторингіне жататын тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша мәмілелерге қатысушылар «Тауарлар (жұмыстар, қызметтер) экспорты» және «Тауарлар (жұмыстар, қызметтер) импорты» мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандарын (бұдан әрі – мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандары) осы Қағидаларға сәйкес Қазақстан Респуб­ликасы Қаржы министрлігінің Салық комитетіне (бұдан әрі - Салық комитеті) есепті жылдан кейінгі жылдың 15 мамырынан кешіктірмей табыс етеді. Күнтізбелік бір жыл есепті кезең болып табылады.
4. Мәмілелер мониторингі бойынша толтырылған есептілік нысандары Салық комитетіне салық есептілігін салық қызметі органдарының қабылдау және өңдеу жүйесі арқылы – ақпаратты компьютерлік өңдеуге жол беретін электрондық түрде табыс етіледі.
Мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандары электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылуға тиіс.
Қағидалардың осы тармағында белгіленген тәртіппен жіберілетін хабарламада көрсетілген салық қызметі органдарының салық есептілігін қабылдау және өңдеу жүйесінің орталық торабы қабылдаған күн Салық комитетіне мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандарының электронды түрде табыс етілген күні болып табылады.
Салық комитетіне мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандарын тапсыру үшін осы Қағидаларда белгіленген мерзімнің соңғы күнінің жиырма төрт сағатына дейін салық қызметі органдарының салық есептілігін қабылдау және өңдеу жүйесі арқылы табыс етілген мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандары мерзімінде табыс етілді деп есептеледі.
Мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандары электронды түрде табыс етілген кезде Салық комитеті салық қызметі органдарының салық есептілігін қабылдау және өндеу жүйесі қабылдаған кезден бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей мәмілеге қатысушыға көрсетілген жүйенің мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандарын қабылдағаны немесе қабылдамағаны туралы хабарлама жібереді.
Мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандары, егер:
1) осы Қағидаларда белгіленген нысандарға сәйкес келмесе немесе
2) салық қызметі органының коды көрсетілмесе немесе дұрыс көрсетілмесе, немесе
3) сәйкестендіру нөмірі көрсетілмесе немесе дұрыс көрсетілмесе немесе
4) салық кезеңі көрсетілмесе немесе
5) электрондық цифрлық қолтаңбасы болмаса немесе дұрыс емес болса немесе
6) осы Қағидалардың 10 және 11-тармақтарының елу бірінші бөлігінің талаптары бұзылса немесе
7) мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандарының электрондық формат құрылымы бұзылса, Салық комитетіне табыс етілмеген деп есептеледі.
Салық қызметі органдарының бағдарламалық қамтамасыз етілімінде электрондық түрдегі мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандарын уақтылы табыс етуге әсер ететін техникалық қателер анықталған жағдайда, Салық комитеті мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандарын табыс ету мерзімін осындай есептілік нысандарын табыс ету үшін белгіленген мерзімнен бастап алты айдан аспайтын кезеңге ұзартады.
5. Осы Қағидалардың 2-тармағында айқындалған мәмілелерге қатысушыларда есепті кезеңде халықаралық іскерлік операциялар болмағанда мұндай мәмілелерге қатысушылар мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандарын Салық комитетіне табыс етпейді.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу осы өзгерістер мен толықтырулар жататын салық кезеңі үшін мәмілелер мониторингі бойынша қосымша есептілік нысандарын табыс ету жолымен жүргізіледі.
Мәмілелер мониторингі бойынша қосымша есептілі