24 Тамыз, 2013

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 469

245 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2013 жылғы 8 мамыр, Астана, Үкімет Үйі

«Орындаушыларға және фонограммалар шығарушыларға берілетін сыйақының ең төменгі ставкаларын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 қарашадағы №1373 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Орындаушыларға және фонограммалар шығарушыларға берілетін сыйақының ең төменгі ставкаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 қарашадағы № 1373 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 3, 68-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген орындаушыларға және фонограммалар шығарушыларға берілетін сыйақының ең төменгі ставкаларында:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«
9.    Қонақүйлер, санаторийлер, демалыс үйлері және пансионаттар (айына көпшілік алдында орындау, көрсету, хабарлау және жалпы жұрттың назарына жеткізу үшін қолданылатын техникалық құралдың бірлігі үшін)    0,2 АЕК


»;
Ескертпе мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын: «8. 9-тармақта көзделген сыйақының ай сайын төленетін мөлшері техникалық құралдар санын онда көрсетілген сыйақы ставкасына көбейту нәтижесінде алынған сыйақының он екіден бір бөлігін құрайды.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі            С.АХМЕТОВ.