Әлем • 20 Наурыз, 2020

Әлемнің 23 елінен 1285 азамат Қазақстанға оралуға ниет білдірген

201 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров хабарлады.

Әлемнің 23 елінен 1285 азамат Қазақстанға оралуға ниет білдірген

СІМ өкілінің айтуынша, COVID-19 коронавирус індетінің өршуіне байланысты СІМ-де Дағдарыстық штаб іске қосылды, ол ҚР-дың шет елдердегі мекемелерінде құрылған барлық жедел штабтардың жұмысын үйлестіреді. Қазір әлемнің 73 елінде 295 мыңға жуық қазақстандық бар.

«Шетелдегі біздің азаматтарымыздың көп бөлігі, солардың ішінде тұрақты тұруға, жұмыс, оқу және басқа мақсатта шет мемлекеттерде тұратын азаматтарымыз, әсіресе жағдайы тұрақты елдерде тұратындар, қайтып оралуға ниет білдірмейді. Олардың арасында дүрлігу мен үрей жоқ. Олар орналасқан елдің ұсыныстары мен ережелерін басшылыққа алады, карантин режимін және үйде оқшаулауды сақтайды. Қазір таңда азаматтарымыздың үйлеріне оралуы – СІМ жұмысының негізгі басымдығы. Бүгінде шет елдердегі қазақстандық туристерді есептемегенде әлемнің 23 елінен 1285 азамат Қазақстанға оралуға ниет білдіруде. Туристерді шығарумен қазір Мәдениет және спорт министрлігі айналысып жатыр»,- деді А. Смадияров.