24 Тамыз, 2013

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 489

250 рет
көрсетілді
18 мин
оқу үшін

2013 жылғы 15 мамыр,    Астана, Үкімет Үйі

Босатылатын оқ-дәрiлерді, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу бойынша қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы

«Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған босатылатын оқ-дәрiлерді, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу бойынша қызметті жүзеге асыру үшін бiлiктiлiк талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі бекітілсін.
2. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіп комитеті босатылатын оқ-дәрiлерді, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу бойынша қызметті жүзеге асыру жөніндегі лицензиар болып;
2) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес босатылатын оқ-дәрiлерді, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензия беруді өтініш берушінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі бөлiгiнде келісетін мемлекеттік органдар айқындалсын.
3. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі          С.АХМЕТОВ.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 15 мамырдағы  №489 қаулысымен бекітілген

Босатылатын оқ-дәрiлерді, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу бойынша қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын бiлiктiлiк талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі

Р/с №     Біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды    Құжаттар    Ескертпе
1    2    3    4
1. Босатылатын оқ-дәрілерді жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу бойынша кіші қызмет түрі үшін
1.    заңды тұлға басшысының немесе оның орынбасарының, оның ішінде оның филиалы басшысының немесе оның орынбасарының, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыратын жеке тұлғаның жоғары техникалық білімі    заңды тұлға басшысының немесе оның орынбасарының, оның ішінде оның филиалы басшысының немесе оның орынбасарының, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыратын жеке тұлғаның жоғары техникалық білімінің болуы туралы ақпаратты қамтитын осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны    
2.    тиісті техникалық білімі, мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар білікті мамандар    тиісті техникалық білімі, мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар білікті мамандардың болуы туралы ақпаратты қамтитын осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны    
3.    жекеменшік (стационарлық және (немесе) ұтқыр) құқығында немесе өзге де заңды негізде қоршалған, оқшауланған, қолданыстағы нормативтерде көзделген тұрғын үйлер мен өндiрiстiк объектiлерден қауiпсiз қашықтықта орналасқан, өнеркәсіптік, өрт, санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптарына сәйкес және мыналарды қамтитын өндірістік-техникалық базасы:
мамандандырылған өндірістік ғимарат, құрылыс және (немесе) контейнерлік типтегі ұтқыр модуль, көтергіш механизм, жабдықтар;
босатылатын оқ-дәрілер мен олардың компоненттерін сақтауға арналған жай тартқышы бар контурлы найзағайдан қорғау жүйесімен жабдықталған арнайы жабдықталған қойма;
босатылатын оқ-дәрілердің қалдықтарын және қайта өңделген материалдарын сұрыптауға, кесуге, пакеттерге салуға арналған жабдықтар мен құрал-саймандары бар үй-жай немесе арнайы алаң;
жұмыс істейтін персоналды орналастыруға арналған қызметтік үй-жай    жекеменшік (стационарлық және (немесе) ұтқыр) құқығында немесе өзге де заңды негізде қоршалған, оқшауланған, қолданыстағы нормативтерде көзделген тұрғын үйлер мен өндiрiстiк объектiлерден қауiпсiз қашықтықта орналасқан, өнеркәсіптік, өрт, санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптарына сәйкес және мыналарды:
мамандандырылған өндірістік ғимаратты, құрылысты жән е (немесе) контейнерлік типтегі ұтқыр модульді, көтергіш механизмді, жабдықтарды;
босатылатын оқ-дәрілер мен олардың компоненттерін сақтауға арналған тартқышы бар контурлы жай найзағайдан қорғау жүйесімен жабдықталған арнайы жабдықталған қойманы;
босатылатын оқ-дәрілердің қалдықтарын және қайта өңделген материалдарын сұрыптауға, кесуге, пакеттерге салуға арналған жабдықтар мен құрал-саймандары бар үй-жайды немесе арнайы алаңды;
жұмыс істейтін персоналды орналастыруға арналған қызметтік үй-жайды қамтитын өндірістік-техникалық базасының болуы туралы ақпаратты қамтитын осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны    
4.    пайдалану шарттарына және олар үшін белгіленген өлшем бірлігін, оның ішінде радиацияны өлшеу құралдарын қамтамасыз ету туралы заңнаманың талаптарына сәйкес келетін өлшеу құралдары     пайдалану шарттарына және олар үшін белгіленген өлшем бірлігін, оның ішінде радиацияны өлшеу құралдарын қамтамасыз ету туралы заңнаманың талаптарына сәйкес келетін өлшеу құралдарының болуы туралы ақпаратты қамтитын осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны    
5    қызметтің мәлімделген түрі бойынша мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтер пайдаланылатын жұмысқа Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің немесе оның аумақтық органдарының рұқсаттары    қызметтің мәлімделген түрі бойынша мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтер пайдаланылатын жұмысқа Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің немесе оның аумақтық органдарының рұқсаттарының болуы туралы ақпаратты қамтитын осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны    
6.    ұйымның басшысы бекіткен персоналға қауіпсіздік техникасын оқыту жөніндегі және босатылатын оқ-дәрілерді жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру тәртібі туралы нұсқаулықтар    ұйымның басшысы бекіткен персоналға қауіпсіздік техникасын оқыту жөніндегі және босатылатын оқ-дәрілерді жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру тәртібі туралы нұсқаулықтардың болуы туралы ақпаратты қамтитын осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны    
7.    кәдеге жаратылған босатылатын оқ-дәрілердің материалдарын, жинақтаушы бөлшектерін, бұйымдарын есепке алу және сақтау бойынша журнал    кәдеге жаратылған босатылатын оқ-дәрілердің материалдарын, жинақтаушы бөлшектерін, бұйымдарын есепке алу және сақтау бойынша журналдың болуы туралы ақпаратты қамтитын осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны    
8.    өрт қауіпсіздігі және күзет шараларын ұйымдастыруға жауап беретін лауазымды тұлға    өрт қауіпсіздігі және күзет шараларын ұйымдастыруға жауап беретін лауазымды тұлғаның болуы туралы ақпаратты қамтитын осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны    
9.    өндірістік-техникалық базаны атыс қаруын пайдалана отырып, күзетуге күзет қызметіне лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен шарт    өндірістік-техникалық базаны атыс қаруын пайдалана отырып, күзетуге күзет қызметіне лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен шарттың болуы туралы ақпаратты қамтитын осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметер нысаны    
Босатылатын қару-жарақты, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу бойынша кіші қызмет түрі үшін
1.    заңды тұлға басшысының немесе оның орынбасарының, оның ішінде оның филиалы басшысының немесе оның орынбасарының, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыратын жеке тұлғаның жоғары техникалық білімі    заңды тұлға басшысының немесе оның орынбасарының, оның ішінде оның филиалы басшысының немесе оның орынбасарының, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыратын жеке тұлғаның жоғары техникалық білімінің болуы туралы ақпаратты қамтитын осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны    
2.    тиісті техникалық білімі, мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар білікті мамандар    тиісті техникалық білімі, мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар білікті мамандарды ң болуы туралы ақпаратты қамтитын осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны    
3.    жекеменшік құқығында, қоршалған, оқшауланған, қолданыстағы нормативтерде көзделген тұрғын үйлер мен өндiрiстiк объектiлерден қауiпсiз қашықтықта орналасқан, өнеркәсіптік, өрт, санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптарына сәйкес және мыналарды қамтитын өндірістік-техникалық базасы:
мамандандырылған өндірістік ғимарат, құрылыс, көтергіш механизм, жабдықтар;
босатылатын қару-жарақты, әскери техниканы, арнайы құралдарды сақтауға арналған арнайы жабдықталған қойма;
босатылатын қару-жарақтардың, әскери техниканың, арнайы құралдардың қалдықтарын және қайта өңделген материалдарын сұрыптауға, кесуге, пакеттерге салуға арналған жабдықтар мен құрал-саймандар бар үй-жай немесе арнайы алаң;
жұмыс істейтін персоналды орналастыруға арналған қызметтік үй-жай    жекеменшік құқығында, қоршалған, оқшауланған, қолданыстағы нормативтерде көзделген тұрғын үйлер мен өндiрiстiк объектiлерден қауiпсiз қашықтықта орналасқан, өнеркәсіптік, өрт, санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптарына сәйкес және мыналарды:
мамандандырылған өндірістік ғимаратты, құрылысты, көтергіш механизмді, жабдықтарды;
босатылатын қару-жарақты, әскери техниканы, арнайы құралдарды сақтауға арналған арнайы жабдықталған қойманы;
босатылатын қару-жарақтардың, әскери техниканың, арнайы құралдардың қалдықтарын және қайта өңделген материалдарын сұрыптауға, кесуге, пакеттерге салуға арналған жабдықтар мен құрал-саймандар бар үй-жайды немесе арнайы алаңды;
жұмыс істейтін персоналды орналастыруға арналған қызметтік үй-жайды қамтитын өндірістік-техникалық базасының болуы туралы ақпаратты қамтитын осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны    
4.    пайдалану шарттарына және олар үшін белгіленген өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнаманың талаптарына сәйкес келетін өлшеу құралдары    пайдалану шарттарына және олар үшін белгіленген өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнаманың талаптарына сәйкес келетін өлшеу құралдарының болуы туралы ақпаратты  қамтитын осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны    
5.    қызметтің мәлімделген түрі бойынша мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтер пайдаланылатын жұмысқа Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің немесе оның аумақтық органдарының рұқсаттары    қызметтің мәлімделген түрі бойынша мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтер пайдаланылатын жұмысқа Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің немесе оның аумақтық органдарының рұқсаттарының болуы туралы ақпаратты қамтитын осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны    
6.    ұйымның басшысы бекіткен персоналға қауіпсіздік техникасын оқыту жөніндегі және босатылатын қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) жөніндегі жұмысты ұйымдастыру тәртібі туралы нұсқаулықтар    ұйымның басшысы бекіткен персоналды қауіпсіздік техникасына оқыту жөніндегі және босатылатын қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) жөніндегі жұмысты ұйымдастыру тәртібі туралы нұсқаулықтардың болуы туралы ақпаратты қамтитын осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны    
7.    босатылатын қару-жарақтың, әскери техниканың, арнайы құралдардың материалдарын, жинақтаушы бөлшектерін, бұйымдарын есепке алу және сақтау бойынша журнал    босатылатын қару-жарақтың, әскери техниканың, арнайы құралдардың материалдарын, жинақтаушы бөлшектерін, бұйымдарын есепке алу және сақтау бойынша журналдың болуы туралы ақпаратты қамтитын осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны    
8.    өрт қауіпсіздігі және күзет шараларын ұйымдастыруға жауап беретін лауазымды тұлға    өрт қауіпсіздігі және күзет шараларын ұйымдастыруға жауап беретін лауазымды тұлғаның болуы туралы ақпаратты қамтитын осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны    
9    өндірістік-техникалық базаны атыс қаруын пайдалана отырып, күзетуге күзет қызметіне лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен шарт    өнд ірістік-техникалық базаны атыс қаруын пайдалана отырып, күзетуге күзет қызметіне лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен шарттың болуы туралы ақпаратты қамтитын осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны    

Босатылатын оқ-дәрiлерді, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу бойынша қызметті жүзеге асыру үшін ұсынылып отырған бiлiктiлiк талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне қосымша

Босатылатын оқ-дәрiлерді, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу бойынша қызметті жүзеге асыру үшін ұсынылып отырған бiлiктiлiк талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттарға мәліметтер нысаны

1. Босатылатын оқ-дәрілерді жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу бойынша кіші қызмет түрі үшін мыналардың болуы:
1) заңды тұлға басшысының немесе оның орынбасарының, оның ішінде оның филиалы басшысының немесе оның орынбасарының, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыратын жеке тұлғаның жоғары техникалық білімі:
тегі, аты, әкесінің аты ______________________________;
лауазымы _________________________________________________;
тағайындау туралы бұйрықтың нөмірі мен күні _________________;
білімі бойынша мамандығы ____________________________;
жоғарғы техникалық білімі туралы дипломның нөмірі мен берілген күні ______________________________________________________;
дипломды берген жоғары оқу орнының атауы ____________________;
2) тиісті техникалық білімі, мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар білікті мамандар:
тегі, аты, әкесінің аты _______________________________;
лауазымы _________________________________________________;
тағайындау туралы бұйрықтың нөмірі мен күні _________________;
мамандығы бойынша жұмыс өтілі ____________________________;
білімі бойынша мамандығы ______________________________;
техникалық білімі туралы дипломның нөмірі мен берілген күні
_________________________________________________________;
дипломды берген оқу орнының атауы _________________________;
3) жекеменшік (стационарлық және (немесе) ұтқыр) құқығында немесе өзге де заңды негізде қоршалған, оқшауланған, қолданыстағы нормативтерде көзделген тұрғын үйлер мен өндiрiстiк объектiлерден қауiпсiз қашықтықта орналасқан, өнеркәсіптік, өрт, санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптарына сәйкес және мыналарды қамтитын өндірістік-техникалық базасы:
мамандандырылған өндірістік ғимарат, құрылыс және (немесе) контейнерлік типтегі ұтқыр модуль, көтергіш механизм, жабдықтар;
босатылатын оқ-дәрілер мен олардың компоненттерін сақтауға арналған жай тартқышы бар контурлы найзағайдан қорғау жүйесімен жабдықталған арнайы жабдықталған қойма;
босатылатын оқ-дәрілердің қалдықтарын және қайта өңделген материалдарын сұрыптауға, кесуге, пакеттерге салуға арналған жабдықтар мен құрал-саймандары бар үй-жай немесе арнайы алаң;
жұмыс істейтін персоналды орналастыруға арналған қызметтік үй-жай:
жылжымайтын мүліктің кадастрлық нөмірі______________________;
егер өзге заңды негізде болған жағдайда келісімшарттың нөмірі мен қол
қойылған күні ____________________________________;
шарт жасалған ұйымның атауы ________________________;
жабдықтау, көтеру механизмі, қоршау, оқшалау, контейнерлік типтегі ұтқыр модульдің бар-жоғы және өндірістік объектілерінен қашықтығы туралы ақпарат, метрде ____________________________;
4) пайдалану шарттарына және олар үшін белгіленген өлшем бірлігін, оның ішінде радиацияны өлшеу құралдарын қамтамасыз ету туралы заңнаманың талаптарына сәйкес келетін өлшеу құралдары:
өлшеу құралдарының болуы туралы ақпарат ______________________________;
өлшеу құралдарын тексеру туралы сертификаттың нөмірі мен күні ______________________________________________________;
5) қызметтің мәлімделген түрі бойынша мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтер пайдаланылатын жұмысқа Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің немесе оның аумақтық органдарының рұқсаттары:
рұқсаттың нөмірі мен берілген күні ________________________________;
6) ұйымның басшысы бекіткен персоналға қауіпсіздік техникасын оқыту жөніндегі және босатылатын оқ-дәрілерді жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру тәртібі туралы нұсқаулықтар:
ұйымның басшысы бекіткен персоналға қауіпсіздік техникасын оқыту жөніндегі және босатылатын оқ-дәрілерді жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру тәртібі туралы нұсқаулықтардың болуы туралы ақпарат ___________________________;
7) кәдеге жаратылған босатылатын оқ-дәрілердің материалдарын, жинақтаушы бөлшектерін, бұйы