Әдебиет • 21 Наурыз, 2020

Кетпестей Алатаудай бақыт қонсын!

306 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түбіне тіршіліктің тағдыр ие,

Тәңірдің құзырында бар дүние.

Шындығын қара тастың балқытады,

Келгенде наурыз айы сән күйіне.

Арылып ой тұманнан, сана бұлттан.

Құдіретті Наурыз келіп,

Жазылды ескі жара жан ауыртқан.

Кетпестей Алатаудай бақыт қонсын!

 

 Қара ормандай халқым менің –

Қазағым!

Наурыз тойын тойлай алмай,

Тарттың талай озбырлықтың азабын.

Енді, міне, егеменді ел болып,

Жеттің күткен арманыңа,

Дүркіретіп той жасап,

Бар дүние жаңарды.

 

Наурыз айы келгенде

Көз жіберіп қарашы жан-жағыңа,

Тату-тәтті ел болып,

Бақытты өмір сүрейік.

Жақсылығымен жайнатып,

Құдайым бізді қолдасын!

Ұл-қыздарым дана боп,

Болашағымыз солмасын!

 

Көңілде көтеріңкі шаттық болсын,

Сүттен ақ, судан таза ақтық болсын.

Қасқайған қазағымның маңдайына,

Кетпестей Алатаудай бақыт қонсын!

Әумин!

 

Сәбит ОРАЗБАЕВ,

Қазақстанның халық әртісі