24 Тамыз, 2013

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы №75

506 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

2013 жылғы 12 ақпан,  Астана қаласы

Хабарлама тәртібінде медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме және бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілерінің тізілімін құру қағидаларын бекіту туралы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 29-2) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
 1. Хабарлама тәртібінде медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме және бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілерінің тізілімін құру қағидасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (Д.С. Есімов):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаменті (Ж.Ж. Данаева) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті төрағасы Д.С. Есімовке жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін атқарушы       Е.БАЙЖҮНІСОВ.

Қазақстан Республикасы  Денсаулық сақтау министрінің  міндетін атқарушының
2013 жылғы 12 ақпандағы  №75 бұйрығымен бекітілген

Хабарлама тәртібінде медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме және бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілерінің тізілімін қалыптастыру қағидасы

1. Жалпы ереже
1. Осы Хабарлама тәртібінде медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме және бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілерінің тізілімін қалыптастыру қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 29-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және хабарлама тәртібінде медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме және бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілерінің тізілімін (бұдан әрі – Тізілім) қалыптастыру тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидада мынадай негізгі түсініктер қолданылады:
1) өтініш беруші – медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме және/немесе бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыру туралы хабарлама беретін, оның ішінде сенімхат бойынша әрекет ететін жеке немесе заңды тұлға;
2) қабылдайтын ұйым – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті және оның аумақтық бөлімшелері, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті мемлекеттік басқару органдары немесе хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын Халыққа қызмет көрсету орталығы;
3) түпкілікті қабылдаушы – медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме және/немесе бөлшек саудада өткізумен байланысты қызметті немесе белгілі әрекеттерді жүзеге асырудың басталуы (тоқтатылуы) туралы хабарлаған субъектілердің тізілімін жүргізетін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті және оның аумақтық бөлімшелері, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті мемлекеттік басқару органдары.

2. Тізілімді қалыптастыру тәртібі
3. Тізілімдер өтініш беруші ұсынған мәліметтердің негізінде осы Қағидаға қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптастырылды.
Тізілімге деректерді енгізу өтініш беруші «Лицензиялаудың және хабарлама тәртібінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 1655 қаулысымен бекітілген нысан бойынша хабарлама ұсынған күні түпкілікті алушы жүзеге асырады.
Тізілімдер мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады және Exсel форматындағы электрондық түрде жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарының сұратуы бойынша тізілімдерге енгізілген деректер ұсынылады.
Де