24 Тамыз, 2013

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы № 848

271 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

2012 жылғы 7 желтоқсан,    Астана қаласы

Медициналық қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру электрондық мемлекеттік қызмет көрсетудің регламентін бекіту туралы

«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабына, «Электрондық мемлекеттік қызметтің үлгі регламентін бекіту туралы» Қазақстан Респуб­ликасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 қазандағы №1116 қаулысына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған «Медициналық қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (Д.С.Есімов):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаменті (Ж.Ж.Данаева) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә.Байжүнісовке жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі           С.ҚАЙЫРБЕКОВА.

Қазақстан Республикасы  Денсаулық сақтау министрiнiң
2012 жылғы 7 желтоқсандағы  № 848 бұйрығымен  бекітілген

«Медициналық қызметке лицензияны беру, қайта ресімдеу,
лицензияның телнұсқасын беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті

1.Жалпы ережелер
1. Электрондық мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеттің аумақтық бөлімшелері, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті және оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – қызмет берушілер) баламалы негізде Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – Орталық), сондай-ақ «электрондық үкімет» www.e.gov.kz веб-порталы немесе «Е-лицензиялау» www.elicense.kz веб-порталы арқылы (бұдан әрі – ЭҮП) көрсетеді.
2. Электрондық мемлекеттік қызмет (бұдан әрі – мемелекеттік қызмет) «Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 10 қыркүйектегі № 1173 қаулысымен бекітілген «Медициналық қызметке лицензияны беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) негізінде көрсетіледі.
3. Электрондық мемлекеттік қызметтің автоматтандырылу деңгейі: ішінара автоматтандырылған (медиа-бөліктері бар электрондық мемлекеттік қызмет).
4. Мемлекеттік қызмет көрсету түрлері: транзакциялы.
5. Осы регламентте пайдаланылатын түсініктер мен қысқартулар:
1) ақпараттық жүйе (АЖ) - аппараттық-бағдарламалық кешенді пайдалана отырып сақтау, өңдеу, іздеу, тарату, беруге және ұсыну үшін арналған жүйе;
2) «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі – «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ) – берілген, қайта ресімделген, тоқтата тұрылған, қайта жаңғыртылған және қолданылуы тоқтатылған лицензиялар, сондай-ақ лицензиар беретін лицензияның сәйкестендіру нөмірін орталықтандырып қалыптас­тыратын қызметтің лицензияланатын түрін (кіші түрін) жүзеге асыратын лицензиат филиалдары, өкілдіктері (объектілері, пункттері, учаскелері) туралы мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйе;
3) «электрондық үкімет» шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) - электрондық қызметті іске асыру шеңберінде «электрондық үкімет» ақпараттық жүйесін ықпалдастыру үшін арналған ақпараттық жүйе;
4) «электрондық үкімет» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) - жеке және заңды тұлғалардың төлемдерін жүзеге асыру кезінде екінші деңгейлі банктердің банктік операциялардың жекелеген түрін жүзеге асыратын, ұйымдардың және «электрондық үкіметтің» ақпараттық жүйелерінің арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз ету үшін арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйе;
5) «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқоры (бұдан әрі – ЖТ МДҚ) - ақпаратты автоматтандырылған жинау, сақтау және өңдеу үш