24 Тамыз, 2013

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрығы № 328-ө-м

298 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

2013 жылғы 22 шілде,  Астана қаласы

Этникалық қазақтарды және олардың отбасы мүшелерін оралман мәртебесін алғанға дейін олардың қалауы бойынша уақытша орналастыру орталықтарына алғашқы қоныстандыру қағидасын бекіту туралы

«Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңының 24-бабы 1-тармағына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Этникалық қазақтарды және олардың отбасылары мүшелерін оралман мәртебесін алғанға дейін олардың қалауы бойынша уақытша орналастыру орталықтарына алғашқы қоныстандыру қағидасы бекітілсін.
2. «Этникалық қазақтарды және олардың отбасы мүшелерін оралман мәртебесін алғанға дейін олардың қалауы бойынша уақытша орналастыру орталығына алғашқы орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылы 28 қазандағы №570 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылы 28 қарашада №7310 болып тіркелген, 2011 жылы 10 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» газетінде №611-615 жарияланған).
3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті (А.Ә.Сарбасов):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны ресми жариялауды;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурстарында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Е.Қ.Егембердіге жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр                       Т.ДҮЙСЕНОВА.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің
2013 жылғы 22 шілдедегі №328-ө-м бұйрығымен бекітілген

Этникалық қазақтарды және олардың отбасы мүшелерін оралман
мәртебесін алғанға дейін олардың  қалауы бойынша уақытша орналастыру орталықтарына алғашқы қоныстандыру қағидалары

1. Жалпы ережелер
1. Осы Этникалық қазақтар мен олардың отбасы мүшелерін оралман мәртебесін иеленгенге дейін олардың талаптары бойынша уақытша орналастыру орталықтарында бастапқы орналастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңының 24-бабы 1-тармағына сәйкес әзiрлендi және этникалық қазақтар мен олардың отбасы мүшелерiн уақытша орналастыру орталықтарында бастапқы қоныстандыру тәртiбiн және болу мерзімдерін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) уақытша орналастыру орталығы (бұдан әрі – Орталық) - этникалық қазақтар мен олардың отбасы мүшелерiнің оралман мәртебесін алғанға дейін уақытша тұруына арналған тұрғын үй.
2) этникалық қазақ – Қазақстан Республикасына тұрақты тұру мақсатында келген шетелдік немесе ұлты қазақ азаматтығы жоқ тұлға.

2. Этникалық қазақтар мен олардың отбасы мүшелерін Орталықта алғашқы қоныстандыру тәртібі және олардың болу мерзімі
3. Орталыққа алғашқы қоныстандыру үшін этникалық қазақ халықтың көші-қоны саласындағы жергілікті атқарушы органға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
Халықтың көші-қоны саласындағы жергілікті атқарушы орган өтінішті берген күні қарайды.
4. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш Уақытша орналастры орталығында этникалық қазақ пен оның отбасы мүшелерін алғашқы қоныстандыруды тiркеу журналына тiркеледi.
5. Өтінішті қарағаннан кейін халықтың көші-қоны саласындағы жергілікті атқарушы орган осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жолдама береді және ол этникалық қазақтар мен олардың отбасы мүшелерiн Орталықта алғашқы қоныстандыруды тіркеу журналына тіркеледі.
6. Этникалық қазақ пен оның отбасы мүшелері жолдаманы алғаннан кейін бір жұмыс күні iшiнде Орталыққа орналастырылады.
7. Орталыққа қоныстандыру мерзімі сақталмаған жағдайда, этникалық қазақ пен оның отбасы мүшелері қоныстану құқығын жоғалтады. Бұл ретте олардың Орталыққа алғашқы қоныстандыруға қайта өтініш беру құқығы сақталады.
8. Орталықта бос төсек-орын болмған кезде өтініш қабылдаудан және оны тіркеуден бас тартылмайды.
Бұл жағдайда этникалық қазақ пен оның отбасы мүшелері жолдама бермей өтініш беру кезектілігі тәртiбiнде халықтың көші-қоны саласындағы жергілікті атқарушы орган құратын р езервке қабылданады.
9. Орталықта төсек-орын босаған кезде халықтың көші-қоны саласындағы жергілікті атқарушы орган кезектiлiк тәртiбiмен Орталыққа қоныстандыру үшін этникалық қазақ пен оның отбасы мүшелеріне жолдама бередi.
10. Орталыққа этникалық қазақ пен оның отбасы мүшелерінен басқа адамдарды орналастыруға тыйым салынады.
11. Этникалық қазақ пен оның отбасы мүшелері Орталықта 10 күнтізбелік күннен аспайтын уақытта, оралман мәртебесін алғанға дейін тұрады.
12. Этникалық қазақ пен оның отбасы мүшелері оларға берілген Орталықтың үй-жайын оралман мәртебесiн берген немесе оралман мәртебесін беруден бас тартылған күннен бастап бес жұмыс күні iшiнде босатады.

Этникалық қазақтар мен олардың отбасы мүшелерін оралман мәртебесін
алғанға дейін олардың қалаулары бойынша уақытша орналастыру
орталықтарына алғашқы қоныстандыру қағидаларына 1-қосымша
Нысан
басшыға _____________________________
(халықтың көші-қоны саласындағы
жергілікті атқарушы органның атауы)
________________________
  (этникалық қазақтың тегі, аты және
болған жағдайда әкесінің аты)

Өтiнiш

Сiзден мені және саны _____ адамнан тұратын менің отбасымның мүшелерін Уақытша орналас­тыру орталығына оралман мәртебесін алғанға дейін қоныстандыруды сұраймын.

___________            _________________
(күнi)                (қолы)

Этникалық қазақтар мен олардың отбасы мүшелерін оралман мәртебесін
алғанға дейін олардың қалаулары бойынша уақытша орналастыру
орталықтарына алғашқы қоныстандыру қағидаларына 2-қосымша
Нысан

Уақытша орналастыру орталығына этникалық қазақтарды және олардың отбасы мүшелерін бастапқы қоныстандыруды тiркеу
ЖУРНАЛЫ
р/с
№     Кіріс өтініштерінің түскен күні    Өтiнiш берушiнiң
тегі,аты және болған жағдайда әкесінің аты    Туған жерi және күнi    Шыққан елi    Жолдаманың нөмiрi және берiлген күнi
                    


________басталды
________аяқталды

Этникалық қазақтар мен олардың отбасы мүшелерін оралман мәртебесін
алғанға дейін олардың қалаулары бойынша уақытша орналастыру
орталықтарына алғашқы қоныстандыру қағидаларына 3-қосымша

Нысан
№_______ЖОЛДАМА

Оралман мәртебесін алған немесе беруден бас тартқан уақытқа дейін Уақытша орналастыру орталығына қоныстандыру үшiн
__________________________________________________________________
___________________________________________________________________  
(Тегі,аты және болған жағдайда әкесінің аты, этникалық қазақтың туған күнi)
Отбасы мүшелерi:
1._____________________________________________________________
(Тегі, аты және болған жағдайда әкесінің аты., туған күнi, туыстық дәрежесi)
2._____________________________________________________________
(Тегі, аты және болған жағдайда әкесінің аты., туған күнi, туыстық дәрежесi)
3. ____________________________________________________________
(Тегі, аты және болған жағдайда әкесінің аты., туған күні, туыстық дәрежесi)
4. ____________________________________________________________
(Тегі, аты және болған жағдайда әкесінің аты., туған күнi, туыстық дәрежесi)
5. ____________________________________________________________
(Тегі, аты және болған жағдайда әкесінің аты., туған күнi, туыстық дәрежесi)
6. ____________________________________________________________
(Тегі, аты және болған жағдайда әкесінің аты., туған күнi, туыстық дәрежесi)
жолданады
________________________облысы (қаласы)
республикалық маңызы бар қала мен астананың
халықтың көші-қоны саласындағы жергілікті
атқарушы органның басшысы _____________
_____________________________________м.о.
(Тегі, аты болған жағдайда әкесінің аты.)

_____________
(берілген күні)

Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылғы 5 тамызда Нормативтік құқықтық келісімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №8599 болып енгізілді.