Қазақ әдебиеті мен руханияты тағы бір ауыр қазаға ұшырады. 75 жасқа қараған шағында қарымды қаламгер, ұлтымыздың ұлағатты азаматы Сабыржан Шүкірұлы дүниеден озды.
Тумысынан табиғаты таза шығармашылық өкілі 1939 жылы 12 тамызда Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Достияр мекенінде дүниеге келген. 1959-1961 жылдары Оңтүстік Торғай кен зерттеу және барлау экспедициясындағы топографиялық отрядта құрылысшы, Жангелдин аудандық байланыс торабында телефон монтері, аудандық қамсыздандыру бөлімінде инспектор, 1961-1965 жылдары аудандық «Социалистік ауыл», кейін «Жаңа өмір» – «Новая жизнь» газеттерінде әдеби қызметкер, аудармашы, бөлім меңгерушісі, 1965 жылы Жангелдин аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы болды.

1969 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін, 1972 жылы Алматы Жоғары партия мектебін тәмамдаған соң Торғай облыстық партия комитетінде нұсқаушы болып қызмет етті. 1974-1988 жылдары «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің Торғай облысындағы меншікті тілшісі, аға тілші, бөлім меңгерушісі, алқа мүшесі, 1990 жылы «Социалистік Қазақстан» газеті бас редакторының орынбасары, 1992-1998 жылдары «Сұхбат» экономикалық апталығының бас редакторы, «Ана тілі» ұлт апталығы бас редакторының орынбасары жұмыстарын жемісті атқарды.
Сабыржан Шүкірұлы – Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтарының мүшесі. Табанды еңбегі мен қарымды шығармашылық қызметі үшін 1968 жылы Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Құрмет грамотасымен, 1970 жылы В.И.Лениннің 100 жылдығына арналған мерекелік медальмен марапатталып, 1989 жылы «Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген мәдениет қайраткері» атағын алған. Ол – 1993 жылғы Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты.
Шығармашылық иесінің қаламынан туған «Тамаша өмір», «Шақшақ Жәнібек» атты деректі әңгімелері, «Нақпа-нақ» атты ой түйіндері, «Рухани өріс кернеуі» әдеби сын-зерттеуі мен «О заманда бұ заман» атты публицистикалық кітаптары оқырман қауымнан жоғары бағасын алған. Ұлтжанды қаламгердің ой түйіндері мерзімді баспасөз беттерінде жиі жарық көріп, ұрпақтың дамуына, ұлағатты азаматтардың қалыптасып, отансүйгіштік қасиеттердің өрістеуіне игі әсер етті. Өмірде сыпайы да мәдениетті қалпынан айнымаған, бекзат болмысты, адамгершілігі мол, көркем мінезді, еңбекқор, аяулы әріптесіміздің жарқын бейнесі біздің жүрегімізде ұзақ сақталады.
Қазақстан Жазушылар
одағы басқармасы.
Қайран, Сәкем, бақұл бол!
«А, Құдай, қазаға сабыр бере көр!» деп, соңғы екі айдың жүзінде жалбарынуда болғанымызбен, беті қатты науқастан жүрегі құрғыр қанша секем алып, үміт пен үрейдің қайшыласуында жүргенімізбен: «Сабыржан қайтыс болды», деген суық сөз оқыс естіліп, төбемнен жай түсіргендей болды. Енді-енді ес біліп, азамат атанған шақтан бері өмірдің жол-соқпақтарында қол ұстасып бірге жүрген, жалындаған жастықтың көп қызықтарын бірге көріп, жасамыс тартқан шақта ойымыз да, сойымыз да жарасқан жан досымнан қапияда айырылып қалармын деген ой қаперімде жоқ еді ғой.
Сонау қарт Торғайдың қасиетті топырағында, алақандай ғана аудандық газеттің шаңырағы астында жалғасқан көңіліміз бен жарасқан өміріміз қандай қызық еді. Одан бері де, қазақ баспасөзінің қара шаңырағы «Социалистік Қазақстанның» құт-берекелі қабырғасында шыңдалған шығармашылық достығымыз да дүйім елдің назарында болды. Енді соның бәрі естелік болып, өткен күннің еншісінде қала беретіні қандай қиын. «Шіркін, Сабыржанның әзілі-ай!..» деп небір ұтқыр сөздерін, тапты