Қазақстан • 22 Наурыз, 2020

Қорғаныс министрлігінде Арыстағы жұмысты ұйымдастыру бойынша кезекті кеңес өтті

256 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қорғаныс ведомствосында Арыс қаласы маңындағы жұмыстар мәселелері бойынша кезекті селекторлық кеңес өтті. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Қорғаныс министрлігінде Арыстағы жұмысты ұйымдастыру бойынша кезекті кеңес өтті

Аталмыш кеңеске Қорғаныс министрлігінің басшылығы, Қарулы Күштер түрлерінің бас қолбасшылары, өңірлік жəне әскер тектері  қолбасшылары, сондай-ақ Арыс қаласындағы төтенше жағдай салдарын жою жөніндегі жедел штабтың басшылығы қатысты.

Өткен жылы Арыс қаласында құрылған жедел штаб басшылығы жұмыстың барысы мен нәтижелері туралы баяндады. Мобильді саперлік топтардың шақыру және іздеу топтарының жұмысы жалғасуда. Көктемгі егіс алқаптарын тазалау және көктем мезгілі басталысымен пайда болған шұңқырларға зерттеу жүргізіледі. Жергілікті тұрғындардың тарапынан инженерлік-саперлік бөлімшелердің жұмысына түсіністікпен қарап, қолдау көрсетуі өз кезегінде алғысты талап етеді. Олар қырағылықты сақтай отырып, әрдайым табылған белгісіз заттар туралы жедел штабқа дер кезінде хабарлайды, жедел топ әрбір сигналға жауап беріп, шұғыл түрде бірінші қоңырау бойынша минасыздандыру топтарын жібереді.

Табылған оқ-дәрілер фрагменттерінің басым көпшілігі қауіп төндірмейді.

Сондай-ақ, өңірдегі əскери қалашықтың тіршілік әрекеті мен инфрақұрылымы толық қалпына келтірілді.

Қорғаныс министрі генерал-майор Нұрлан Ермекбаев өңірдегі егіс жұмыстарының басталуына, ауыл шаруашылығы алқаптарын жергілікті тұрғындардың мүддесіне тазалауға негізгі күш-жігерді бағыттауға байланысты мұқият тазарту қажеттігіне назар аударды.

Сонымен қатар, Арыс қаласында орналасқан жеке құрам арасында коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша міндеттер қойылды.