Аймақтар • 22 Наурыз, 2020

Елорда әкімі Алтай Көлгінов қаладағы азық-түлік қорын тексерді

96 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қала әкімі Алтай Көлгінов қаланың көтерме-тарату орталықтары мен супермаркеттерінде болды. Қоймалардағы азық-түлік қоры жеткілікті көлемде, өнім қатары үздіксіз толықтырылады. Алтай Көлгінов әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасын тұрақтандыру мәселесі бақылауда екенін атап өтті. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Елорда әкімі Алтай Көлгінов қаладағы азық-түлік қорын тексерді

«Қалада карантин жарияланды. 22 наурыз күні сағат 00-ден бастап елордаға кіріп-шығуға тыйым салынады. Бірақ бұл қалаға азық – түлік пен қажетті тауарларды тасымалдауға еш кедергі келтірмейді. «Жасыл дәліз» жүйесі жұмыс істейді. Тауарға ілеспе құжаттар, жеке куәлік, техпаспорт сияқты құжаттар болуы тиіс. Кез-келген алыпсатарлық пен құқық бұзушылық әрекеттерді болдырмаймыз. Елордаға азық-түлік тауарларын жеткізу әрдайым үйлесімді ұйымдастырылуы тиіс. Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру үшін тұрақтандыру қоры құрылып, «Magnum», «Астықжан», «Кеңмарт», «Small», «Шапағат», «Евразия» базарларын жеңілдікпен несиелендіру бойынша үлкен жұмыс атқардық, наубайханаларға қолдау көрсетіп жатырмыз», - деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.  

Сонымен қатар, елорданың бірқатар супермаркеттері атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларда тәрбиеленіп жатқан 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға азық-түлік пен тұрмыстық химия тауарларын береді. Кепілді әлеуметтік көмек 4,4 мыңнан астам баланы қамтиды.