Коронавирус • 22 Наурыз, 2020

Бүгін елордаға шет елдерден 600-ге жуық жолаушы келді

413 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұрсұлтан Назарбаев атындағы әуежайға келген 600-ге жуық жолаушы оқшауланды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова мәлімдеді.

Бүгін елордаға шет елдерден 600-ге жуық жолаушы келді

«ТЖ режимінің енгізілуіне байланысты, Нұр-Сұлтан қаласындағы Нұрсұлтан Назарбаев атындағы әуежайға келетін барлық жолаушыларды оқшаулау туралы шешім қабылданды. 22 наурызда 6 рейс арқылы - Дубай, Токио, Минск, Мәскеу, Лондон, Ыстанбұл қалаларынан 596 жолаушы келді. Оның 577-сі немесе 97 пайызы коронавирустық инфекцияға зертханалық тексеру жүргізу үшін карантиндік стационарға жатқызылды.

Оның айтуынша, эпидемиологиялық жағдайы қолайсыз 1А санатындағы елдерден келген 12 жолаушы әуежайдан дереу провизорлық стационарға жіберілді.

«Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарына шет елдердерден келген жолаушылардың тексерусіз қала аумағына кірмейтінін айтқымыз келеді», - деді С. Қисықова.