Аймақтар • 22 Наурыз, 2020

Нұр-Сұлтанда 1234 адам коронавирус күдігімен стационарда жатыр

338 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова хабарлады.

Нұр-Сұлтанда 1234 адам коронавирус күдігімен стационарда жатыр

«2020 жылы 22 қаңтардан бастап, Нұр-Сұлтанда инфекциялық стационарлар мен провизорлық стационарлар ашылды. 28 қаңтардан бастап, онда 1942 пациент жатты. Оның ішінде 109 адам немесе 6% - 18 жасқа толмаған. 22 наурыз сағат 10.00-дегі жағдай бойынша 1234 адам коронавирус күдігімен стационарда жатыр. Оның 61-і - балалар», - деді басқарма басшысы

Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтанда коронавирус инфекциясының 31 жағдайы тіркелді.

«30 науқас - Қазақстан азаматтары болса, 1-еуі — шетелдік. Олардың 32% немесе 10 науқас - ер адам, 78% немесе 21 науқас - әйелдер. Жас құрылымы бойынша, 21 оқиға немесе науқастардың 68% - 30-49 жас аралығында. 18 жасқа толмаған 2 бала бар және 18-29 жас аралығындағы 3 науқас бар. 50-29 жас аралығында - 4 адам және 60 жастан асқан 1 науқас тіркелген», - деді басқарма басшысы «Хабар 24» телеарнасында өткен брифингте.