Қазақстан • 22 Наурыз, 2020

Карантин жарияланған қалаларға пойыздар бармайды - ҚТЖ

338 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының баспасөз қызметі хабарлады.

Карантин жарияланған қалаларға пойыздар бармайды - ҚТЖ

«Құрметті жолаушылар! Бұған дейін хабарланғандай, 2020 жылдың 22 наурызы 00.00 сағатта Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларына карантин енгізілуіне байланысты жолаушылар пойыздары бұл қалаларға жүрісін тоқтатады, ал кейбірі тоқтаусыз транзитпен өтіп кетеді. Жолаушылардан аталған карантиндегі қалаларға бармауын және де алдын ала алынған билеттерін өткізуін өтініп сұраймыз» делінген хабарламада.