25 Тамыз, 2013

Қызылордада күріш орағының жаппай басталатын шағы жақын

345 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Уборка риса-1

Қызылорда қаласына қарасты ауылдық округтерде күріш орғаы науқаны жаппай басталатын шақ күн санап жақындап келеді. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз хатшысы Балдырған Мәмен хабарлады.

«Тамыз айының соңында күрішті жапапй ору басталады, - деді ол. – Күріш қалаға қарасты ауылдық округтердің 2377 гектар алқабына егілген. Үстіміздегі жылы оларды суаруға байланысты проблемалар болған жоқ. Өнім жақсы болуы тиіс».

Қала әкімдігінде егін жинау науқанына бай­ланысты сала басшылары мен тауар өндірушілерінің басқосуы болды. Онда қалалық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Қуаныш Ахметов ауыл шаруа­шылығы құрылымдарының күзгі егін жинау науқанына дайындығы жөнінде хабарлама жасады. Оның айтуынша, қаланың тауар өндірушілері биылғы жылы 6717 гектар жерге егіс дақылдарын еккен. Өткен жылдармен салыстырғанда, егіс көлемі 154 гектарға артса, мал азығындық дақылдар егісінің көлемі 890 гектарға ұлғайған.

Күріш суын тарту 5 тамыздан бері жүріп жатыр. Бүгінгі күнге дейін 2377 гектар күріш алқабының 80 гектар жерінің суы тартылған. Сыр маржанын жинау жұмыстары 27 тамызда басталып, бір ай ішінде толық аяқталады деген болжам бар.

– Биылғы егін жинау науқанына, – дейді ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Қ.Ахметов, – 18 дана жатка, 27 дана комбайн, 42 дана трактор мен 20 дана тіркеме, 6 дана автокөлік қатысады. Сондай-ақ науқандық жұмысқа 267 адам қатысады деп межеленуде.

Айтса айтқандай, бүгінде егін жинауға қатысатын ауыл шаруашылығы техникалары сақадай сай әзірлікте екен.

Қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев сала басшылары мен тауар өндірушілерге ел несібесі – егінді жинау науқанын зор дайындық, асқан ұйымшылдықпен өткізуге байланысты нақты тапсырмалар берді.

Сейітжан Құлымбай.

Соңғы жаңалықтар