Суретті түсірген Валерий Бугаев
Өңіріміздегі тағы бірі су көзі - «Ертіс-Успен» арнасы. Павлодар ауданының аумағынан өтетін арнаны қайта қалпына келтіру үшін республикалық бюджеттен 8 млрд теңге қарастырылған.
Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің мәліметінше, ауданда 12 200 гектар суармалы алқап бар. Аудан көлемінде 140 шаруашылық суару әдісін қолданады.
Егер арна қалпына келтірілсе 10 мың гектар жер суармалы алқапқа айналмақ. Су арнасының оң және сол жақ жиектерінен 13 шақырым қашықтықтағы жерді суару мүмкіндігі туындайды. Қазіргі кезде бұл аумақтағы 60-70 пайыз жер бос.
Облыстық ауыл шарушылығы басқармасының мәліметінше, өңірде алқап көлемін көбейтуге басымдық берілуде. Алдағы үш жылда өңірдегі суармалы алқап көлемін 145 мың гектарға дейін жетеді.
Ал, қазір облыс аумағындағы 70 мың гектар жер суарылады. Былтыр тағы 30 гектар суармалы егістік қосылды. Алдағы 2022 жылдары бұл көрсеткіш 145 мың гектарға дейін көбейеді.
Арнайы бағдарлама аясында сорғы стансалары сатып алынып, орнатылып, электр желілері тартылады да, шаруаларға 2 пайыздық жылдық мөлшерлемемен 10 жылға дейін лизингке беріледі.
Ал, Ертіс өзенінің суын, Қ.Сәтбаев атындағы және Ертіс-Успен арналарының суын пайдалану шаруалар үшін тиімді.
ПАВЛОДАР