25 Тамыз, 2013

Аукционда А.Винокуровтың велосипеді 3,5 млн теңгеге сатылды

319 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Александр Винокуров-1

Лондон Олимпиадасының чемпионы, Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері Александр Винокуровтың велосипеді Бурабайда өткен қайырымдылық аукционында 3,5 млн. сатылды. Бұл туралы Bnews.kz тілшісі хабарлады.

Осылайша атақты велошбандоздың көлігі 23,3 мың долларға бағаланды. Аукционда «Rixos Lake Birovoe» отелі мен Олимпиада чемпионы Александр Винокуров өз лоттарын ұсынды. Олардан түскен қаржы Көкшетау қаласындағы облыстық перинаталдық орталығы балалардың жансақтау бөліміне заманауи медициналық құрал-жабдықтарды алуға жұмсалатын болды.

Аукцион қорытындысында «Rixos «отелінің бірнеше сертификаты (400 мың теңгеге) және Винокуровтың 4 спорт жейдесі (45,100, 600, 750 мың теңгеге) өздерінің жаңа иелерін тапты. Бір айтатыны, велошабандоз өзінің басты жеңістеріне осы жейделерімен жеткен екен. Ал спортшының бірнеше мәрте жеңіс тұғырынан көрінуіне бастап апарған велосипеді 3,5 миллион теңгеге өтті. Сондай-ақ, А.Винокуров жарыстың 13 жастағы ең жас қатысушысына кітабын сыйлады.

Қайырымдылық шарасының ұйымдастырушылары балаларға қажетті құрал-жабдықтарды алу үшін 11,5 млн. теңге жинауды жоспарлап отыр.

Сәкен Майлыбай.