Коронавирус • 23 Наурыз, 2020

Ақтөбеде коронавирус табылған адам Мәскеуден ұшып келген

173 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбеде коронавирус табылған адам Мәскеуден ұшып келген. Қазір бір рейспен келген 57 адам да оқшауланды. Бұл туралы Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев айтты.

Ақтөбеде коронавирус табылған адам Мәскеуден ұшып келген

«Қазіргі таңда Ақтөбе облысында коронавирус инфекциясына байланысты эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Бүгінде облысымызда бір науқаста коронавирустық инфекция анықталды. Ол науқас 22 наурыз күні Мәскеуден ұшып келген. Науқасты бірден инфекциялық ауруханаға оқшаулаған едік. Зертханалық тексеру барсында тұрғынымыздан коронавирус инфекциясы анықталды. Қазіргі уақытта науқастың жағдайы тұрақты. Қажетті емдік іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Осы науқаспен байланыста болған барлық тұрғындарды оқшаулау жұмысын аяқтадық», - деді Әсет Қалиев.

Оның дерегінше, Ақтөбе облысында стационарлық карантинде 68, үй карантинінде 38 тұрғын жатыр. Олардың барлығының жағдайын дәрігерлер күнделікті бақылауда ұстап отыр.

«Біз көшеге шығуды, қоғамдық орындарға баруды барынша шектеу арқылы ғана денсаулығымызды қорғай аламыз. Коронавирус инфекциясымен күрестің ең тиімді әдісі - адамдар арасындағы байланысты мейлінше азайту. Ұйымдардың, мекемелердің, үлкен сауда орындарының, емдеу мекемелерінің басшылары санитарлық нормаларды қатаң сақтауымыз тиіс», - деді ол.