Қашықтықтан оқыту жүйесі жоғары оқу орны үшін жаңашылдық емес. Сондықтан жаппай цифрлық жүйеге көшу қиындық тудырған жоқ дейді мамандар. Сәйкесінше, техникалық жабдық та жаңа. 16 наурыздан бастап барлық студенттер үйлеріне қайтарылды. Қазір қашықтан оқыту форматына көшірілді. Оқу процесі жоспар бойынша ұйымдастырылуда.
– Қашықтықтан оқыту процесі білім сапасына еш әсерін тигізбейді. Барлығы тиісті деңгейде. Университетте өзіміздің ютуб каналымыз бар. Сол жерде оқытушылардың 200-ден астам дәрістері жазылған. Студенттердің сабаққа онлайн қатысуын тексеріп отырамыз. Ол үшін мониторинг жасалады, – дейді А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің проректоры Ләззат Кәрімова.
Өнер, білім жетілген заманда студент жастар қашықтан оқытылса да қатардан қалмайды.