Қоғам • 23 Наурыз, 2020

Алматы блок-бекеттерінде эпидемиолог, санитарлық дәрігерлер бар ма?

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Алматыда 19 наурыздан бастап енгізілген карантинге және санитарлық-эпидемияға қарсы шаралардың күшейтілуіне байланысты, қалаға көліктердің кіріп-шығуын шектейтін 27 блок-бекет қойылған болатын. 

Алматы блок-бекеттерінде эпидемиолог, санитарлық дәрігерлер бар ма?

22 наурыздан бастап блок-бекеттердің жұмысы қатаң режимге көшті. Яғни, енді Алматыдан ешкім шыға алмайды, сәйкесінше қалаға да ешкім кірмейді. 27 блок-бекеттің 21-не 81 санитарлық дәрігер тартылған. 

«Барлық блок-бекет тепловизорлармен, жеке қорғаныс құралдарымен жабдықталған, ыстық тамақ та ұйымдастырылған», – деді Алматы қалалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Әсел Қалықова. 

Блок-бекеттер күні-түні үздіксіз істеп тұр. Қалаға кірген және қаладан шыққан адамдарға, автокөлік жүргізушілеріне термометрия жасалуда. Өткен түнде қалаға кірген 23475 адам, қаладан шыққан 13893 адам, сонымен қатар, 11529 автокөлік жүргізушісі термометриядан өткізілген. Нәтижесінде дене қызуы көтерілген 2 адам тіркелді. Оның біреуі Алматы облысының тұрғыны, Алатау ауданының №3 блок-бекетінде анықталды. Дереу жедел жәрдем бригадасының дәрігер-мамандары шақырылып, тексеріліп, нәтижесінде оған катаральді ангина диагнозы қойылды. Қалаға кіргізілген жоқ, тұрғылықты жері бойынша тіркелген Іле ауданының емханасына жіберілді.

Ал екінші адам Алатау ауданының тұрғыны. Ол Жетісу ауданындағы №8 блок-бекетте тоқтатылды. Медициналық жедел жәрдем бригадасының шақыруы бойынша ол азамат та жан-жақты тексеріліп, қала ауруханасына жатқызылды. Блок-бекеттерге дезинфекциялық жұмыстар тұрақты жүргізілуде.

1

1

1

4

1

2