25 Тамыз, 2013

Сирия оппозициясы химиялық қару қолданды

386 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сирия-2

Иран Сирия оппозициясының химиялық қару қолданғанына дәлел бар екенін, және бұл туралы баршаға хабарлайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Al Arabiya басылымына сілтеме жасаған «Газета.Ру» хабарлады.

Дегенмен, Иран Сыртқы істер министрлігі «барлық мүдделі күштерді Сирияға шабуыл жасаудан» сақтап қалды. Бұған дейін Иран президенті Хасан Роухани Сирияның химиялық қару қолданғанын дәлелдейтінін айтқан болатын, бірақ нақты кімнің қолданғанын айтқан жоқ. Енді ол химиялық қаруды Сирия оппозициясы пайдаланды деп отыр. Сол уақытта АҚШ Жерорта теңізіндегі әскери күшін көбейтіп, Барак Обама Ақ үйде Сирия бойынша жедел жиналыс өткізуде. АҚШ әскери-теңіз күштерінің Сирия жағалауына зымырандары бар төртінші әскери кемені жіберіп отырғандығы белгілі болды.

Жақында АҚШ президенті Барак Обама егер Сирияның химиялық қару қолданғаны туралы ақпарат расталса, онда «Америка мұны назарсыз қалдырмайды», деді.

Сирияның басты одақтасы Ресейдің мәлімдеуінше, химиялық қаруды үкіметтік күштер емес көтерілісшілер пайдалануы мүмкін.

Сирия мемлекеттік БАҚ-тың хабарлауынша, сенбі күні көтерілісшілер бақылайтын аумақта улы заттардың қоры табылған. Сириялық телевидениенің ақпараты бойынша, жауынгерлер Джобар қаласына кірмек болғанда тұншыққан. Болжам бойынша, Джобар - сәрсенбі күні химиялық қару қолданылған шағын қала. Сирия оппозициясы болса, сәрсенбі күні үкіметтік әскерлердің Дамаск маңындағы әскери операция кезінде химиялық қару қолданғаннан кейін жүздеген адамның қаза болғандығы туралы мәлімдеді.

Сұлтан Бозайғыр.