Президент • 24 Наурыз, 2020

Тауарлардың бағасы қатаң бақыланады - Мемлекет басшысы

104 реткөрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында бірінші кезектегі сұраныстағы тауарлардың бағасы қатаң бақыланатынын айтты.

«Өкінішке орай, осындай сын сағатта алыпсатарлықпен айналысқандардың фактісі тіркеліп отыр. Тиісті органдар мұндай әрекеттерді анықтап олардың жолын кесетін болады. Бұл жұмысты жүйелендіру үшін әлеуметтік маңызы бар тауарлардың объективті қажетті тізбесін бекіту талап етіледі, ол үшін бағаларға мемлекеттік реттеуді енгіземіз», деді Президент.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы өңірдің әрбір әкімі бірінші кезектегі сұраныстағы тауарлардың бар-жоғын нақты есепке алуды атап өтті.

«Қазіргі кезде бизнеспен және халықпен жұмыс істеу маңызды. Бірінші кезекте халыққа қажетті өнімдер төңірегінде дүрбелең мен дүрлігуге жол бермеу қажет. Әкімдер тауарлардың өңіраралық ағындарын бақылау және жергілікті тапшылықты болдырмау үшін өзара іс-қимылды жолға қою керек. Үкіметпен бірлесіп жеткілікті қорлардың болуын қамтамасыз ету, оларды сөрелерге жеткізу тетіктерін пысықтау, бағаны қатаң бақылау және алыпсатарлықты болдырмау қажет», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Соңғы жаңалықтар

Тағы бір науқас қайтыс болды

Коронавирус • Бүгін, 08:07

Конкурс жарияланады

Қоғам • Бүгін, 07:57

Көршіңізбен қалайсыз?

Руханият • Бүгін, 07:54

Сөз сойыл №92

Руханият • Бүгін, 07:50

Қажығұмарды қайтеміз?

Таным • Бүгін, 07:47

Тұратыда туған тарландар

Руханият • Бүгін, 07:45

«Штрафбаттың» командирі

Руханият • Бүгін, 07:43

Тәлкекке түскен тағдыр

Әдебиет • Кеше

Ұқсас жаңалықтар