Президент • 23 Наурыз, 2020

Қазақстандық барлық интернет-ресурстар тегін болу тиіс - Президент

1140 реткөрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында карантин кезінде барлық интернет-ресурстардың қолжетімділігі тегін болуы тиіс екенін атап өтті.

«Карантин енгізілуіне байланысты халықты үйлерінде болуға шақырдық. Адамдар қашықтан жұмыс істеу кезінде мобильді технологияларды барынша белсенді пайдаланады. Сол себепті төтенше жағдай режимі кезінде мобильді байланыс пен интернетке, әсіресе, білім беру ресурстарына, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерге қолжетімділікті кеңейтуді тапсырамын. Қазақстандық барлық интернет-ресурстардың қолжетімділігі тегін болу тиіс», деді Президент.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай режимі кезінде қарыз пайда болған күннің өзінде байланыс қызметтерін пайдалану жалғаса беретінін айтты.

«Бұған дейін мен карантин кезеңінде халыққа коммуналдық қызметтер төлемін төмендету бойынша тапсырма берген болатынмын. Алматы жедел әрекет етіп, тиісінше шешім қабылдады. Ендігі кезкте Мемлекеттік комиссия жалпыреспубликалық жүйелі шаралар әзірлеуі керек. Қазақстан халқы бізден осындай шараларды күтіп отыр. Бүгін азаматтарға менің тапсырмаларымды таныстыруға және оларды жүзеге асыруға шұғыл кірісуі тиіс», деді Мемлекет басшысы.

 

Соңғы жаңалықтар

Коронавирус шаш арқылы жұғады

Коронавирус • Бүгін, 12:19

«Алтын Орда» күйін шығарды

Руханият • Бүгін, 11:21

Карантиннен келетін зардап мол

Коронавирус • Бүгін, 11:09

Конкурс жарияланады

Қоғам • Бүгін, 07:57

Көршіңізбен қалайсыз?

Руханият • Бүгін, 07:54

Сөз сойыл №92

Руханият • Бүгін, 07:50

Қажығұмарды қайтеміз?

Таным • Бүгін, 07:47

Тұратыда туған тарландар

Руханият • Бүгін, 07:45

«Штрафбаттың» командирі

Руханият • Бүгін, 07:43

Ұқсас жаңалықтар